Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Балалар Ағабек Қарабеков атындағы қордан әлеуметтік оңалту мен медициналық-консультациялық көмек алуда

Балалар Ағабек Қарабеков атындағы қордан әлеуметтік оңалту мен медициналық-консультациялық көмек алуда

31.10.2020 1239 0

Ағабек Қарабеков атындағы қордың медициналық орталығында қан тамырлары патологиясы бар балалардың ата-аналарына тегін медициналық-консультациялық және диагностикалық көмек көрсетіледі, нәтижесінде балаға дұрыс емделу тактикасы тағайындалады.

"Біз өз жұмысынан кейін тегін келіп, медициналық-консультациялық көмек көрсететін дәрігерлерді қостық. Қазіргі уақытта біз тамырлы патология – гемангиома диагнозы бар 435 балаға кеңес бердік. Бұл балалар Қазақстаннан тыс жерлерге шықпай ем алды. Мұндай көмектің арқасында ата-аналарға шетелге шыққандағы көлік шығындарын 192 млн теңге үнемдеуге мүмкіндік берді. Мұнда бастысы-диагнозды уақытында анықтау және дұрыс емдеу тағайындау. Біз бұл бағытты жалғастырамыз", - деді Қоғамдық қор басшысы Роза Қарабекова.

Қор мамандары менторлар ретінде қалалық клиникалар базасында дәрігерлерді оқытады.

Сондай-ақ ұйым балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік оңалтуға маманданған, ол олардың коммуникацияларын жақсартуға және қоғамға араласуға бағытталған.

"Бізде 2019 жылдан бастап әлеуметтік коворкинг жұмыс істейді. Оның аясында біз әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асырамыз, волонтерлер мен балалар арасында диалогтық алаңдар жасаймыз. Бізге дамуында ерекшеліктері бар балалар келеді. Қорға жұмыспен қамту орталығы арқылы сегіз қызметкерін жұмысқа алдық. Олардың бесеуі - ерекше қажеттіліктері бар әйелдер", - деп атап өтті Роза Қарабекова

Сондай-ақ, бұл ұйымда балалар ұсақ моториканы дамытатын және психологиялық жағдайды жақсартатын саз терапиясымен айналыса алады.

Қордың қызметімен Instagram желісіндегі @karabekovfoundation және @coworking_astana_kids парақшаларынан танысуға болады. Барлық сұрақтар бойынша мына телефондарға хабарласуға болады: 8 701 736 94 41; 8 777 837 77 29.

Айта кету керек, бүгінде елордада 2996 үкіметтік емес ұйым тіркелген, бұл Қазақстандағы ҮЕҰ-ның жалпы санының 13,4%-ын құрайды. Олар халыққа психологиялық, құқықтық көмек көрсетеді, сондай-ақ медиаторлар ретінде әрекет етеді. Бұдан басқа, ҮЕҰ халықтың әлеуметтік топтарын, сондай-ақ ерекше қажеттіліктері бар адамдарды қоғаммен араласуға және бейімдеуге ықпал етеді.

Идеяны жобаға айналдыруға, оны іске асыруға Нұр-Сұлтан қалалық Азаматтық бастамалар орталығы белсенділерге және үкіметтік емес ұйымдарға ақпараттық қызметтер көрсету, сондай-ақ заң және қаржы бөлімі бойынша консультациялар беру арқылы көмектеседі.


Дереккөз: http://astana.gov.kz/ru/news/news/25014

Соңғы жаңалықтар
25.12.2024 87 0
Құрметті волонтерлер!
Толығырақ
24.12.2024 196 0
Мейірімділік жеткіліксіз болған кезде: ТМД-дағы волонтерліктің трансформациясы
Толығырақ
24.12.2024 179 0
Орталық Азиядағы өзгерістердің кілті – волонтерлік!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена