Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Іс жүзіндегі әлеуметтік жауапкершілік: корпоративтік менеджерден белсенді волонтерге дейінгі жол

Іс жүзіндегі әлеуметтік жауапкершілік: корпоративтік менеджерден белсенді волонтерге дейінгі жол

18.02.2026 29 0


Қазіргі заманда әлеуметтік жауапкершілік әр адамның кәсіби әрі азаматтық ұстанымының ажырамас бөлігіне айналуда. Бұл әсіресе ірі бизнес пен ұлттық компаниялардың өкілдері қызметтік міндеттерінен тыс шығып, қоғамдық өмірге белсенді араласқан кезде айқын көрінеді.

Арман Ибраев — «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Көпфункционалды қызмет көрсету орталығы» филиалының сатып алу бағалары департаментінің менеджері, кәсіби жетістікті қоғам дамуына қосқан үлеспен тығыз байланыстыратын басқарушылардың жаңа буынының өкілі.

Бұл сұхбатта ол жеке тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби қызмет пен волонтерлікті ұштастыру қағидаттарын, сондай-ақ әлеуметтік дамудың болашағы мен тұрақты қоғам қалыптастырудағы азаматтық бастамалардың рөлі жөніндегі көзқарасын баяндайды.


1. Қай ұйым аясында волонтерлік қызмет атқарасыз?

Менің атым – Ибраев Арман Серікович.
Қазіргі уақытта «ҚТЖ» ҰК» АҚ-та Сатып алу бағалары департаментінің менеджері қызметін атқарамын. Баршаға белгілі, ҚТЖ – бұл жай ғана ұлттық компания емес.
Бұл – елдің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ететін және Қазақстанның логистикалық әлеуетін дамытуға үлес қосатын стратегиялық инфрақұрылым.
Сонымен қатар, мен ұлттық компанияның рөлі тек бизнеспен шектелмейді деп есептеймін. Ол әлеуметтік жауапкершілікті, өңірлерді қолдауды және қоғамның тұрақты дамуына үлес қосуды қамтиды.
Сондықтан бүгінде мен қайырымдылық және волонтерлік бастамаларға ҚТЖ компаниясы ішінде де, одан тыс жерлерде де белсенді қатысуға тырысамын. Мұны азаматтық борышым мен кәсіби этикамның бір бөлігі ретінде қабылдаймын.
Қазіргі таңда ҚТЖ-де «Корпоративтік волонтерлік мектебі», «Мектепке жол» акциясы, сала ардагерлеріне тұрақты қолдау көрсету, мүмкіндігі шектеулі балалары бар отбасыларға көмек беру сияқты әлеуметтік және қайырымдылық бағдарламалар жүзеге асырылуда, сондай-ақ өзге де қолдау түрлері көрсетіледі.

2. Волонтерлікке қашан және қалай келдіңіз?

Менің қоғамдық волонтерлік қызметтегі жолым студенттік кезеңнен басталды. Студент кезімде университет жанындағы Жастар ісі жөніндегі комитетке мүше болдым.
Сол уақыттың өзінде қатарластарыммен бірге түрлі қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуға тырыстым: аға буын өкілдеріне көмек көрсету, мүмкіндігі шектеулі жандарға қолдау білдіру, қиын өмірлік жағдайға тап болған балалар мен отбасыларға жәрдемдесу.
Жаз мезгілінде «Жасыл Ел» бағдарламасының қатарында болып, құрдастарыммен бірге қаламызды көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалыстым.
Кейін «Жас Отан» жастар қанатына қосылып, азаматтық жауапкершіліктің, көшбасшылықтың және әлеуметтік белсенділіктің қалай қалыптасатынын тереңірек түсіндім.
Еңбек жолымды бастаған сәттен бастап бүгінгі күнге дейін осы ұстанымды сақтап, нығайтып келемін. Себебі менің ойымша, қазіргі заманның азаматы тек кәсіби жетістікке жетіп қана қоймай, қоғамның дамуына да өз үлесін қосуы тиіс.

3. Волонтерлік қызмет пен жұмысты қалай қатар алып жүресіз? Екі саланы ұштастырғысы келетіндерге қандай кеңес берер едіңіз?

Ұлттық компаниядағы жұмыс жоғары тәртіпті, зейінді және стратегиялық ойлауды талап етеді. Соған қарамастан, мүмкіндік туған сәтте қайырымдылық бастамаларға қатысуды әрдайым басымдыққа қоямын. Әдетте мұндай іс-шаралар демалыс күндері немесе жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін өтеді.

Менің ойымша, әлеуметтік белсенділік – бұл бос уақыттың бар-жоғына байланысты мәселе емес, бұл – құндылықтар мен басымдықтардың көрінісі.
Ұсыныстарға келер болсақ, ең алдымен компанияның әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына жазылып, барлық корпоративтік және өңірлік іс-шараларды қадағалауға кеңес берер едім. Бұл түрлі қайырымдылық шаралары туралы дер кезінде ақпарат алып, қатысуды алдын ала жоспарлауға мүмкіндік береді, себебі мұндай бастамалар жайлы ақпарат алдын ала жарияланады.

Сонымен қатар, өңірлік және халықаралық деңгейдегі волонтерлік клубтарға қосылуды ұсынамын. Біріншіден, бұл ортаңызды кеңейтіп, дүниетанымыңызды арттырады. Екіншіден, жаңа білім мен тәжірибе жинақтауға мүмкіндік береді. Қазіргі заманда барлық мүмкіндік бар.
Бұдан бөлек, кішігірім істерден бастауды, мінсіз жағдайды күтпеуді және өз мүмкіндіктеріңізге қарай қоғамға қандай пайда әкеле алатыныңызды анықтап алуды кеңес етемін. Себебі тіпті шағын қадамдардың өзі қоғамға елеулі пайда әкелуі мүмкін.

4. Сіздің ойыңызша, волонтерлік қызметіңіз қоғамға қалай әсер етеді?

Волонтерлік – кемел әрі жауапты азаматтық қоғам қалыптастырудың негізгі тетіктерінің бірі.
Ең алдымен, бұл – өскелең ұрпаққа көрсетілетін үлгі мен ықпал. Жастар үлкендердің іс-әрекетіне қарап бой түзейді, сондықтан әрбір игі іс болашақ буынның құндылықтарын қалыптастыруға әсер етеді.

Менің әрбір қайырымдылық шарасына қатысуым – мейлі ол шағын болсын, мейлі ауқымды болсын – жалпы алғанда қоғамда әлеуметтік тұрақтылықтың, сенімнің және тұрақты дамудың нығаюына өз үлесін қосты деп ойлаймын. Мысалы, түрлі спорттық қайырымдылық іс-шараларға — марафондарға, турнирлерге қатысу немесе ересектер мен балаларға көмек көрсету — осындай бастамалардың бір бөлігі болу әрдайым мақтаныш сезімін ұялатады. Өз үлесіңді қосқаныңды сезіну ерекше қуаныш сыйлайды.
Ал бір кездері көмек көрсеткен адамдарды жүзінде күлкімен кездестіру – одан да үлкен бақыт.

5. Болашақта қандай жобаны жүзеге асырғыңыз келеді?

Жалпы бұл бағытта түрлі идеялар үнемі туындап отырады. Бүгінде мыңдаған волонтерлерді біріктірген, кез келген уақытта көмек көрсетуге дайын көптеген қайырымдылық ұйымдары бар екенін жақсы түсінемін. Олардың жұмыс істеуіне барлық қажетті жағдай жасалған. Дегенмен, мен болашақта ұсынғым келетін әрі жүзеге асырсам деген бірнеше жобам бар:

1. Бірыңғай цифрлық терезе.
Бұл платформа көмекке мұқтаж жандарды, қайырымдылық қорларын, волонтерлерді және бизнес қауымдастығын біріктірер еді. Менің көзқарасым бойынша, барлық процестерді цифрландыру көмек көрсету үдерісін жеделдетуге мүмкіндік береді, себебі оны нақты уақыт режимінде жүзеге асыруға болады. Сонымен қатар ашықтық пен сенімділікті арттыруға ықпал етеді.

2. Волонтерлікті ресми түрде мойындалған кәсіби бағытқа айналдыру жүйесін құру.
Бұл жүйе келесілерді қамтуы тиіс:

  • волонтерлерді оқыту және сертификаттау;

  • әлеуметтік секторда мансаптық мүмкіндіктер ұсыну;

  • жұмыс берушілер тарапынан волонтерлік тәжірибені мойындау;

  • жаңа буын әлеуметтік көшбасшыларын қалыптастыру.

3. Әлеуметтік осал санаттағы отбасылардан шыққан балаларға арналған ұлттық жеке менторлық бағдарлама.
Бұл жоба әрбір баланың әлеуетін білім беру мен жүйелі қолдау арқылы ашуға бағытталуы тиіс. Менің ойымша, осындай бастамалар қоғамның тұрақты дамуына тың серпін беріп, азаматтық белсенділіктің жаңа деңгейін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

@qazvolunteer.kz


Соңғы жаңалықтар
18.02.2026 10 0
Іс жүзіндегі әлеуметтік жауапкершілік: корпоративтік менеджерден белсенді волонтерге дейінгі жол
Толығырақ
11.02.2026 502 0
Мемлекет басшысы 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдум өткiзу туралы Жарлыққа қол қойды
Толығырақ
30.01.2026 317 0
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Волонтерлер форумында сөйлеген сөзі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена