Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар СҚО волонтерлері қалай жұмыс істейді

СҚО волонтерлері қалай жұмыс істейді

05.08.2021 861 0

Қоғамдық даму және ақпарат орталығының басшысы Анастасия Волкова брифингте Солтүстік Қазақстан облысында волонтерлер қалай жұмыс істейтінін айтып берді, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

А.Волкованың айтуынша, жыл басынан бері волонтерлер 660 іс-шара өткізіп,онда 7,4 мыңнан астам адамды қамтыды. "Күн сайын 300-ге жуық волонтер мұқтаж, жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектердің күнделікті мәселелерін шешуге көмек көрсетеді. Қыста және көктемнің басында үнемі "Жақсылық жаса" акциясын өткіздік: ардагерлердің, тыл еңбеккерлерінің, мүгедектердің, жалғыз басты зейнеткерлердің аулаларында қар тазартылды. Волонтер-дәрігерлер аталар мен әжелерге қолдан келгенше медициналық көмек көрсетті", - деді А.Волкова.

Волонтерлер шеберлік сағаттар ұйымдастырды, онда көп балалы отбасылар мен балалар үйінің тәрбиеленушілеріне киім, ойыншықтар мен қорғаныс маскаларын тоқып, тігіп берді. Қыста көшеде жұмыс істейтін коммуналдық кәсіпорындардың қызметкерлері үшін "Ыстық жүрек" акциясы аясында шай, бауырсақтар мен бәліштерді тегін таратты. Көктемде облыс бойынша экологиялық сенбілік - "Таза әлем" акциясы өткізілді. Маусым айында 59 волонтер 26 литр донорлық қан тапсырды. Волонтерлер полицейлерге профилактикалық және рейдтік іс-шараларды өткізуге көмек көрсетеді, жоғалған адамдарды іздеуге қатысады. Медициналық волонтерлер жедел жәрдем бригадаларымен бірге жұмыс жасайды. Зоо-волонтерлер 250 жануарға көмектесіп, оларға баспана тапты. Волонтерлердің экологиялық жасақтары 550 гектардан астам аумақты тазалап, 17 тоннадан астам қоқыс шығарды. "Бұл волонтерлер жүргізетін жұмыстың бір бөлігі ғана. Волонтерлерді ынталандыру және қайырымдылықты насихаттау мақсатында облыстың үздік волонтерлері мен меценаттарын марапаттаумен "АСАР " Солтүстік Қазақстан облысы волонтерлерінің слетін" өткізу жоспарлануда",-деді А.Волкова.

Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/kak-rabotayut-volontery-sko_a3818390 

 

Соңғы жаңалықтар
15.04.2025 312 0
«Игі істер марафоны» аясында 800-ден астам игі іс жасалды!
Толығырақ
14.04.2025 217 0
Достар, керемет жаңалықпен бөлісеміз!
Толығырақ
12.04.2025 4316 0
Түркиядағы жергілікті жерде волонтерліктің жаңа мүмкіндігі!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена