Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Шымкенттегі мобильді топтар 53 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті

Шымкенттегі мобильді топтар 53 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті

06.08.2020 1313 0

ҚазАқпарат – Шымкент қаласындағы емханалар жанынан құралған мобильді топтар 53 мың науқасты тегін дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етті. Медицина мамандары дәрілік заттарды диспансерлік есепте тұратын науқастардың үйіне жеткізіп беруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жамбылда коронавирусқа шалдыққандардың 80 пайыздан астамы сауықты Бүгінде 211 мобильді топ қызметкері тәулік бойы шақыртуларға шығуда. Қазіргі таңға дейін 17 мыңнан аса науқастың үйіне барып, медициналық қызмет көрсеткен.


Бұдан бөлек, мамандар 608 831 адамға медициналық қажеттіліктері бойынша қоңырау шалған. Айта кету керек, мобильді топтар халыққа науқасты тексеру мен оның жағдайын бағалау, COVID-19 күдікті науқастарды жедел және ПТР-тестілеу, көрсеткіштер бойынша рентгенографияға немесе компьютерлік томографияға жолдама берумен де шұғылданады. Сондай-ақ, қандағы оттегімен қанықтыру 93% төмендеген жағдайда импульстік оксиметрияны жүргізу, қажетті маманмен аудио немесе видео кеңес беруді ұйымдастырады. «Коронавирустық инфекция COVID-19» диагнозы мен емі үшін клиникалық хаттамаға сәйкес дәрі-дәрмектерді тағайындау және үйде емдеу немесе стационарға жатқызу туралы мәселені шешу бойынша да қызмет көрсетуде.


Дерек көз: https://www.inform.kz/kz/shymkenttegi-mobil-di-toptar-53-myn-naukasty-tegin-dari-darmekpen-kamtamasyz-etti_a3680113 

Соңғы жаңалықтар
15.03.2026 84 0
Волонтерлер қозғалысы: Қазақстан тәжірибесі әлемге үлгі болуда
Толығырақ
13.03.2026 80 0
«Жануарларды сүйетін әлем»: Неліктен бұл үздік тәжірибелер жинағы – айналамыздағы өмірді өзгерткісі келетін әр адам үшін must-read
Толығырақ
06.03.2026 66 0
Волонтерлерге арналған білім беру платформалары: қайда оқып, дағдыларды дамытуға болады
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена