Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Шымкент қаласындағы Ұлттық волонтерлік желісі жанындағы Волонтерлікті қолдау орталығы – "ASAA" ЖҚБ Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек көрсетуде.

Шымкент қаласындағы Ұлттық волонтерлік желісі жанындағы Волонтерлікті қолдау орталығы – "ASAA" ЖҚБ Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек көрсетуде.

06.05.2020 1167 0

Естеріңізге сала кетейік, Өзбекстандағы бөгеттің жарылуына байланысты төтенше жағдайда Түркістан облысында шекараға жақын орналасқан бірнеше ауыл эвакуацияланды. Қазіргі уақытта Шымкент қаласындағы Ұлттық волонтерлік желісі жанындағы Волонтерлікті қолдау орталығы – "ASAA" ЖҚБ Мақтаарал ауданының тұрғындарына көмек көрсетуде.

Атап айтқанда, зардап шеккен ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін бағалай отырып, @asa_ngo Kusto Group-пен бірлесе отырып, тұрғындарға 150 гигиена құралдарын және 150 азық-түлік жиынтығын табыс етті.

03.05.2020 “MAGNUM Cash&Carry” желісінің екі дүкенінде 40 волонтер 1500 азық-түлік жиынтықтарын 30 кг-нан өлшеп орау @kudaibergen_kairat көмек көрсетті. Олар жергілікті жерде арнайы құрылған қорға жіберілді. @asa_ngo  волонтерлерінің күшімен алынған азық-түлік жиынтығы қазіргі уақытта зардап шеккен аймақ тұрғындары орналасқан (ауруханалар, мектептер, мешіттер және т.б.) 20 пунктке бөлінеді.

"Birgemiz" волонтерлердің республикалық фронт-офисі өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарға көмек көрсету үшін қаражат жинауды жалғастыру туралы хабарлайды.

Кез келген ниет білдіруші өз көмегін келесі деректемелер бойынша арнайы ашық шотқа жібере отырып, көмек көрсетуге өз үлесін қоса алады:

Kaspi Gold: 4400 4301 0697 4865,

Немесе +7 702 588 99 97 телефоны арқылы

Саранова Данара ("ASAA" ЖҚБ өкілі).

Ең қиын сәттерде біз халық бірлігінің куәгері болдық, бір-бірімізге деген қамқорлықпен бірге, біз қиындықтарды жеңдік. Қазақстан тарихында қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдарға бірлесіп көмек көрсету, жақсы дәстүрге айналған жақындар мен туған-туысқандарына қамқорлық көрсету фактілері бар. Осындай мысалдардың бірі "асар" және "жылу" дәстүрлері болып табылады. Бұл жолы да біз шетте қалмаймыз!   #BizBirgemiz

Соңғы жаңалықтар
22.04.2024 2709 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
17.04.2024 1173 0
Аймақтардағы су тасқынынан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек көрсету туралы хабармен бөліскіміз келеді!
Толығырақ
14.04.2024 1085 0
Өзіңіз үшін волонтерлік жобаны қалай таңдауға болады: көмектесудің тамаша мүмкіндігін табудың 10 қадамы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена