Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Алматылық мектеп оқушысы коронавирусқа қарсы күресте елге көмектесуге шешім қабылдады

Алматылық мектеп оқушысы коронавирусқа қарсы күресте елге көмектесуге шешім қабылдады

27.07.2020 1720 0

12 жасар Дамели Бектенова қайырымдылықпен айналысуға бел буды. Оқушы суреттер сатудан түскен қаражатты балалар қорына және республикадағы COVID-19 пандемиясымен күресу үшін жібереді.

Дамели ол салған портреттер үшін белгіленген баға жоқ екенін айтады. Қазақстандықтар оларды өздері қалаған баға бойынша сатып ала алады. Қыздың суреттерінің бастапқы бағасы - 500 теңге. Ол бұл туралы өзінің Instagram парақшасы @damiyami_art арқылы хабарлады.

Мектеп оқушысы ел үшін мұндай қиын уақытта жақсылық жасағысы келетінін айтады.

Сатудан түскен барлық қаражатты «Милосердие» қайырымдылық қорына жіберуге уәде береді. Ол сонымен қатар қаражаттың бір бөлігін коронавирустық инфекциямен күресу үшін басқа да қайырымдылық қорларға жіберетінің айтты.

12 жасар қыз өзінің игі ісіне жауапкершілікпен қарады. Ол өзінің шотына келіп түскен барлық чекті өз парақшасында жариялайтынын көрсетті.


Жас қазақстандық халықты оның әрекетін қолдауға шақырады. Бірге жақсылық жасау әлдеқайда жағымды екеніне сенімді.

Бұл бастаманы балалар омбудсмені Аружан Саин қолдады.

«Рахмет, біздің қымбатты қыз! Сіз бен сіздің жанұяңыз сияқты жанашыр жандар сіздің өміріңізде әрқашан кездесіп жүрсін! Кез-келген қиындықты бірге жеңуге болады», - деп түсіндірді Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен.

Сонымен қатар, Аружан Саин қазірдің өзінде Дамелидің атынан балалар қорына бес мың теңге түскенің айтты.


Дерек көз: https://www.instagram.com/p/CDBfFrDByY8/?igshid=3tvurp5np4p7 

Соңғы жаңалықтар
21.09.2026 1991 0
Күзгі игі істер аптасы басталуда!
Толығырақ
17.09.2026 1735 0
Волонтерлік бойынша тренерлерге арналған оқыту курсы аяқталды!
Толығырақ
10.09.2026 144 0
Пластик қалдықтарынан — жануарлар панасына қажетті бұйымдар: волонтер Айсұлу Жамашованың жобасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена