Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Шағын гранттар байқауы жарияланды

Шағын гранттар байқауы жарияланды

20.05.2020 1893 0

Волонтерлер жылы аясында «Birgemiz: Taza Alem», «Birgemiz: Asyl mura» жалпыұлттық жобалары шағын гранттар конкурсын жариялады.

Байқаудың мақсаты - экология мен тарихи-мәдени мұраға қатысты жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін азаматтардың жобаларды іске асыруға қатысуын арттыру.

Байқау 2020 жылғы 23 сәуірден 2020 жылғы 23 мамырға дейін өткізіледі.

Байқау аясында 136 жеңімпаз анықталады, олар өз ерікті бастамаларын іске асыру үшін 300 000 (үш жүз мың) теңге көлемінде шағын гранттар алады.

Байқауға жеке тұлғалар, бастамашыл топтар және үкіметтік емес ұйымдар қатыса алады.

Байқауға волонтерлер жылының «Birgemiz» тұжырымдамасына сәйкес келетін, азаматтарды волонтерлік тәжірибеге тарту үшін оңтайлы тетіктер мен қолайлы жағдайлар жасау арқылы  волонтерлікті жүйелі дамытуға бағытталған жобалар қабылданады.


Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Ақпарат және әлеуметтік даму министрлігінің «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы» РҚҰ, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» Коммерциялық емес акционерлік қоғамы.


Дерек көзі: http://semeyainasy.kz/%d0%be%d0%b1%d1%8a%d1%8f%d0%b2%d0%bb%d0%b5%d0%bd-%d0%ba%d0%be%d0%bd%d0%ba%d1%83%d1%80%d1%81-%d0%bc%d0%b0%d0%bb%d1%8b%d1%85-%d0%b3%d1%80%d0%b0%d0%bd%d1%82%d0%be%d0%b2-%d0%bd%d0%b0-300-%d1%82%d1%8b/

 

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3759 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3604 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 3001 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена