Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Арнайы курсты аяқтаған жас волонтерлерге медициналық волонтер сертификаты табысталды

Арнайы курсты аяқтаған жас волонтерлерге медициналық волонтер сертификаты табысталды

31.10.2020 1585 0

Елордада «Волонтерлер мектебі» жобасының қорытындысы шықты. Оның аясында 90 медициналық волонтер оқытылды. «Волонтерлер мектебі» - «Қазақстанның медициналық жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің бастамасымен, елорда әкімдігінің қолдауымен жүзеге асырылған жоба.

Бір апта ішінде 16 мен 24 жас аралығындағы 90 жас алғашқы медициналық көмекке, коммуникативті дағдыларға оқытылды және коронавирус пандемиясының жазғы толқынында ауруханаларда жұмыс істеген еріктілермен кездесті.

«Волонтерлер мектебі аясында біз үш рет онлайн-тренинг өткіздік. Тыңдаушылар коммуникативті дағдыларды игерді, Ресей мен Қырғызстандағы шетелдік әріптестерінің тәжірибесімен танысты, сонымен қатар пандемия кезінде жұмыс істеген Қазақстандағы медициналық еріктілермен және денсаулық сақтау саласының қызметкерлерімен әңгімелесті. Тәжірибелік сабақта олар алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді - бұл қан кетуді тоқтату, күйіктер мен жарақаттарға күтім жасау, жүрек-өкпе реанимациясы», - деді жобаның ұйымдастырушысы, «Қазақстанның медициналық жастары» республикалық қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Әлижан Тұрсынтай.

Оның айтуынша, болашақта «Волонтерлер мектебінің» курсын аяқтаған адамдар ауруханалар мен емханалардағы медицина қызметкерлеріне көмекке тартылатын болады.

Қозғалысқа қосылуға ниет білдіргендердің шамамен 80%-ы елордалық медицина колледжінің, қалғаны қаланың басқа орта арнаулы оқу орындарының студенттері.

Дереккөз: http://astana.gov.kz/ru/news/news/25015 

Соңғы жаңалықтар
31.03.2026 32 0
Волонтерлер Түркістан облысында тасбақаларды құтқаруда
Толығырақ
30.03.2026 49 0
Қоғамның волонтерлік салаға сенім деңгейін бағалау
Толығырақ
30.03.2026 53 0
ҚТЖ корпоративтік волонтерлігі: қызметкерлердің қоғамға қосқан үлесі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена