Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қарағандылық волонтерлер ауыл оқушыларына ағылшын тілін үйретуде

Қарағандылық волонтерлер ауыл оқушыларына ағылшын тілін үйретуде

15.09.2021 1020 0

Қарағанды облысында Jas Otan жастар қанатының English for jastar жобасы басталды. Волонтерлер Бұқар жырау, Осакаров, Нұра, Қарқаралы, Абай және Шет аудандарының оқушыларына ұлы Шекспирдің тілін үйрете бастады, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі.

"Біздің елімізде ағылшын тілін оқытатын орталықтар өте көп. Олардың құны көбінесе көптеген ата-аналар үшін қол жетімді емес. Әлеуметтік сауалнама нәтижелеріне сәйкес, қазақстандықтардың 80%-дан астамы балаларының ағылшын тілін үйренгенін қалайды. Ал олардың тек 34% ғана оқу ақысын төлеу мүмкіндігі бар. Сондықтан біз English for jastar жобасын іске қосып, оған "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарын тартуды шештік", – деді Jas Otan Жастар қанатының жетекшісі Ержан Хамитов.

Волонтерлерді іріктеу үшін жұмыс тобы құрылды. Сұхбаттасу нәтижесінде 15 волонтер таңдалды. Олар ауыл мектептерінің 6, 7, 8 және 9-сынып оқушыларына аптасына үш рет бір академиялық сағаттан сабақ өткізеді. Оқыту ойын және тренинг түрінде өтеді.

"Оқытуда арнайы жұмыс дәптерлері, сөздіктер және интерактивті электрондық қосымшалар қолданылып, Оксфорд Solutions оқулықтары бойынша жүргізіледі. Сондай-ақ, оқу барысында оқушылар үшін шетелде оқып жүрген "Болашақ" бағдарламасының стипендиаттарымен онлайн-кездесулер ұйымдастырылады. Олар тыңдармандар үшін виртуалды экскурсиялар өткізеді", - деді Ержан Хамитов. English for jastar жобасы ауыл оқушыларына білімдегі олқылықтардың орнын толтыруға, тілдік кедергіні жеңуге көмектеседі және оларға шет тілдерін одан әрі үйренуге ынталандырады.

Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/sel-skim-shkol-nikam-prepodayut-angliyskiy-yazyk-karagandinskie-volontery_a3836239 

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2067 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2534 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена