Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Волонтерлік жобаларды қолдау» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

«Волонтерлік жобаларды қолдау» жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті

12.10.2020 1518 0

Нұр-Сұлтан қаласы жастар саясаты мәселелері Басқармасының тапсырмасымен «Адырна» Ұлттық-этнографиялық бірлестігі волонтерлік қызметпен айналысатын астаналық жастарға арналған «Волонтерлік жобаларды қолдау» шағын гранттар конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімін өткізді.

Іс-шара барысында жобалары үздік деп танылған 22 волонтер 300 000 теңгеге ие болды. Жеңімпаздар келесі критерийлерге сәйкес іріктеп алынды: жоба өзектілігі, қаржыны бөлу бойынша сметаға сәйкестігі, өміршеңдігі, яғни, жоба қай уақыттан бастап қызмет ете алатындығы. Волонтерлерден бөлек, рәсімге Қазақстан Республикасының қоғам қайраткерлері мен белсенділері, сондай-ақ Ұлттық волонтерлік желінің үйлестірушісі әрі волонтерлердің Республикалық Фронт-офисі менеджері, Айсұлу Жұмашова қатысты.

«Ұсынылған жобалар шынымен де креативке толы. Қатысушылардың тырысқаны көрініп-ақ тұр. Жеңімпаздарды анықтау кезінде белсенді талқылар орын алды, себебі жеңуге тұрарлық жобалар көп болды»- деп, ойымен бөлісті Айсұлу.

Конкурста жеңімпаз болған жобалар келесі айдың ішінде жүзеге асуы тиіс.

Рәсімнің өту уақыты: 8 қазан, 15:00

Өткізу орны: Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық мұражайының кітапхана залы

Мекенжайы: Достық даңғылы, 11     

Анықтамалық:

 «BIRGEMIZ» волонтерлері Республикалық Фронт-офисі еліміздің барлық өңіріндегі волонтерлік жобаларды үйлестіреді. 

Волонтер жылы аясында Қазақстан үшін салалық волонтерлікті дамытатын 7 басым бағыт анықталған: «Birgemiz: Asyl Mura» (этномәдени мұраларды сақтау), «Birgemiz: Bilim» (білім беру), «Birgemiz: Saýlyq» (денсаулық сақтау), «Birgemiz: Sabaqtastyq» (тәлімгерлік), «Birgemiz: Taza Álem» (экология), «Birgemiz: Úmit» (ТЖ саласы).

Ұлттық волонтерлік желі (ҰВЖ) – азаматтар мен заңды тұлғалардың ерікті бірлестігі. 2010 жылы волонтерлік мәдениетті, волонтерлік бастамалар мен қызметтерді азаматтар, азаматтық қоғам институттары, бизнес сектор мен мемлекеттік құрылым арасында құру, қолдау және дамыту мақсатында құрылды.

 

Тулегенова Зарина

87076290948

darlingseizetheday@gmail.com






Соңғы жаңалықтар
29.01.2026 0 0
Жастар, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек: Қазақстандағы волонтерлік өмірі
Толығырақ
17.01.2026 179 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 294 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена