Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Игі істер марафонына қосылыңыздар!

Игі істер марафонына қосылыңыздар!

10.10.2025 704 0

🌍Бұл күн бізге барлық адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасау, олардың физикалық немесе интеллектуалдық ерекшеліктеріне қарамастан, қоғамды қолайлы әрі достық ету маңызды екенін еске салады. Назар, қолдау және қатысу әркім үшін қолжетімді және жылы орта құруға көмектеседі 🥹

Осы күнді әртүрлі жолдармен атап өтуге болады: инклюзивті спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, қайырымдылық ұйымдарын қолдау, инклюзивті кеңістіктер құру, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас этикасын үйрету, олардың құқықтары туралы ақпарат тарату, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған білім беру бағдарламаларын жүргізу және басқа да бастамалар 🌟

Қалай қатысуға болады?
Игі істерді жүзеге асыру (Игі істер күнтізбесіне сәйкес немесе кез келген бағытта);
Әлеуметтік желіде хэштегтер мен ұранды қолданып, игі істерді жариялау;
Профильдегі сілтеме бойынша Google-форма арқылы анкетаны толтыру.

Хэштег: #ИгіІстерМарафоны2025 #МарафонДобрыхДел2025 #MarathonOfGoodDeeds2025

Ұран: Үлкен өзгерістер кішігірім қадамдардан басталады! Маленькие шаги – большие перемены!

Толығырақ: https://www.instagram.com/qazvolunteer.kz/

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2062 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2529 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3214 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена