Birgemiz: áreket ýaqyty
EN
Become a volunteer
Home News Игі істер марафонына қосылыңыздар!

Игі істер марафонына қосылыңыздар!

10.10.2025 636 0

🌍Бұл күн бізге барлық адамдар үшін тең мүмкіндіктер жасау, олардың физикалық немесе интеллектуалдық ерекшеліктеріне қарамастан, қоғамды қолайлы әрі достық ету маңызды екенін еске салады. Назар, қолдау және қатысу әркім үшін қолжетімді және жылы орта құруға көмектеседі 🥹

Осы күнді әртүрлі жолдармен атап өтуге болады: инклюзивті спорттық және мәдени іс-шараларды ұйымдастыру, қайырымдылық ұйымдарын қолдау, инклюзивті кеңістіктер құру, мүгедектігі бар адамдармен қарым-қатынас этикасын үйрету, олардың құқықтары туралы ақпарат тарату, ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған білім беру бағдарламаларын жүргізу және басқа да бастамалар 🌟

Қалай қатысуға болады?
 Игі істерді жүзеге асыру (Игі істер күнтізбесіне сәйкес немесе кез келген бағытта);
 Әлеуметтік желіде хэштегтер мен ұранды қолданып, игі істерді жариялау;
 Профильдегі сілтеме бойынша Google-форма арқылы анкетаны толтыру.

Хэштег: #ИгіІстерМарафоны2025 #МарафонДобрыхДел2025 #MarathonOfGoodDeeds2025

Ұран: Үлкен өзгерістер кішігірім қадамдардан басталады! Маленькие шаги – большие перемены!

Толығырақ: https://www.instagram.com/qazvolunteer.kz/

Last news
24.06.2026 1114 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Read more
17.06.2026 1960 0
«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығына байқау жарияланды
Read more
12.06.2026 2140 0
Волонтерлік арқылы soft skills дамыту: болашақты өзгертетін дағдылар
Read more
Follow us on social networks
Keep up to date with all events
Спасибо! ваша заявка отправлена