Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтерлікті дамыту мен қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды

Волонтерлікті дамыту мен қолдаудың 2024-2026 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды

12.01.2024 5184 0

Өткен жылы волонтерлікті дамытудың 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасын іске асыру жұмыстары аяқталды, нәтижесінде волонтерлік ұйымдардың саны 3 есеге артты.

⠀

Волонтерлік инфрақұрылымды дамыту бағытында  республикалық және 20 өңірлік фронт-офисі жұмыс істейді. Сондай-ақ Qazvolunteer.kz онлайн платформасы іске қосылып, онда 60 мыңнан аса белсенді волонтер тіркелген. 150-ден астам волонтерлік жоба және 700-ден аса волонтерлік бастама іске асты. Азаматтарды волонтерлік қызметке қатысуға ынталандыруға бағытталған "Волонтерлік қызмет туралы" Заңға түзетулер енгізілді.

⠀

Сонымен қатар Үкімет волонтерлікті одан әрі дамыту үшін  2024-2026 жылдарға арналған волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасын бекітті. Оны әзірлеуге еліміздің 20 өңірінен 500-ден аса адам қатысты. Аталған бастаманың шеңберінде волонтерлікті дамыту мен қолдаудың Жол картасы үшін 200-ден астам ұсыныс түсті. Негізгі назар салалық волонтерлікті дамытуға бағытталған.

⠀

🔎Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/685766?lang=kk

Құжатқа сілтеме: https://drive.google.com/drive/u/0/folders/1STitO0jk9ax1xVy8CKX-FgL1G2Jbvc9r?tpclid=facebook.PAAabZvg8zMT7soHaUg8vp3B5o87kt6yC03LfvRpCoYf_a_iBzlH_Zy4GYCFM_aem_AfWKt1MyfJny0RB0-D5oDsUot5pmxubsz7XJh1M6iM6Z15SZLAhCDUDnPJHNLJ_BXrA 


ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3217 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 2958 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2501 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена