Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Полицейлер мен волонтерлер карантин талаптарын сақтау бойынша тексеріс жүргізуде

Полицейлер мен волонтерлер карантин талаптарын сақтау бойынша тексеріс жүргізуде

30.09.2020 1589 0

Елордалық полицейлер волонтерлермен және жауапты мемлекеттік органдармен бірлесіп, тұрғындар арасында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Демалыс күндері көптеген қала тұрғындары жаппай жиналатын орындарға, саябақтарға, базарларға барған кезде тәртіп сақшылары сақтық шараларын еске салып, азаматтарды қоғамдық орындарда жауапты болуға, санитарлық нормаларды міндетті түрде сақтауға шақырады. Өздеріңіз білетіндей, карантин жеңілдегенімен, жұқтыру қауіпі әлі де бар.

Адамдарға маска тағу, қашықтықты сақтау және санитайзерлерді қолдану қажет екенін жалықпай айтуда.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары ойын-сауық мекемелеріне кіріп, кәсіп иелеріне қолданыстағы карантиндік шаралар туралы ескертеді.

"Заң бұзушылар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады", - деп атап өтті полиция департаменті өкілдері.


Дереккөз: http://astana.gov.kz/kz/news/news/24602 

Соңғы жаңалықтар
26.09.2026 2824 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2143 0
Күзгі игі істер аптасы басталуда!
Толығырақ
17.09.2026 1822 0
Волонтерлік бойынша тренерлерге арналған оқыту курсы аяқталды!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена