Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Пластик қалдықтарынан — жануарлар панасына қажетті бұйымдар: волонтер Айсұлу Жамашованың жобасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды

Пластик қалдықтарынан — жануарлар панасына қажетті бұйымдар: волонтер Айсұлу Жамашованың жобасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды

10.09.2026 10 0

Идея 3D-басып шығару мүмкіндіктерімен танысқаннан кейін пайда болған. Принтер заттарды қажетті өлшемдерге сәйкес жылдам дайындауға мүмкіндік береді, алайда пластиктің бір орамы шамамен он мың теңге тұрады. Сол кезде Айсұлу: материалды қалдықтардан өндіруге болатын болса, оны сатып алудың қажеті қанша деген ойға келген.


– Менің жануарлар паналарында жұмыс істейтін таныстарым бар. Оларға қарапайым тұрмыстық заттар үнемі жетіспей жатады. Осылайша екі идея бір жобаға бірікті: пластикке екінші өмір беру және одан паналарға қажетті бұйымдарды шығару, – дейді волонтер.


Қайта өңделген шикізаттан тостағандар, су құятын ыдыстар, ұстағыштар, қысқыштар, тақтайшалар, органайзерлер және торларға арналған бекіткіштерді басып шығаруға болады. Осындай ұсақ заттарға жұмсалатын қаражатты үнемдеу жануарлардың жемі мен еміне көбірек қаржы бағыттауға мүмкіндік береді.


Қазір команда жануарлар панасымен бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Грант қаражаты түскеннен кейін қажетті жабдықтарды сатып алып, өндірісті іске қосуға мүмкіндік туады. Жобаға волонтерлерді, студенттерді, жергілікті тұрғындар мен кәсіпкерлерді тарту жоспарлануда: кафелер, дүкендер мен кеңселер пластик қалдықтарын қайта өңдеуге бере алады, ал жастар шеберлік сабақтары мен экологиялық сабақтарға қатысып, модельдеу және 3D-принтермен жұмыс істеу дағдыларын меңгере алады.


«Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 2021 жылы талантты жастарды қолдау мақсатында тағайындалған. Осы уақытқа дейін оның иегері атанған жас қазақстандықтардың саны 153-ке жетті. 2026 жылғы жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Халықаралық жастар күніне арналған мерекелік іс-шаралар аясында Астана қаласында өтті.

Соңғы жаңалықтар
10.09.2026 9 0
Пластик қалдықтарынан — жануарлар панасына қажетті бұйымдар: волонтер Айсұлу Жамашованың жобасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды
Толығырақ
07.09.2026 498 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды
Толығырақ
19.08.2026 2267 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена