Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Павлодарда "Birgemiz" волонтерлер Фронт-офисінің, @cisc_official және @kz_nvs өкілдерімен кездесу өтті.

Павлодарда "Birgemiz" волонтерлер Фронт-офисінің, @cisc_official және @kz_nvs өкілдерімен кездесу өтті.

13.06.2020 2095 0

Іс-шараға аймақтың волонтерлік, қоғамдық және жастар ұйымдары қатысты, сөз сөйлегендер: @pavlodar_region Ақпарат және қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары – Тлеулесов Руслан Қайратұлы, @kz_nvs төрайымы – Ким Вера Александровна, @cisc_official басқарма төрайымы – Мукина Батима Қуанышқызы, Павлодар аймақтық Фронт-офисінің басшысы - Серікбекқызы Саягүл және бағыттар үйлестірушілері.

Күн тәртібінде жалпыұлттық жобаларды жүзеге асыру, Павлодар облысының Фронт-офисінің қызметі, Павлодар облысының волонтерлік ұйымдарының қызметі және волонтерлік бастамаларды гранттық қолдау мәселелері қаралды.

Сондай-ақ, Павлодар облысында волонтерлік ҮЕҰ арасында гранттық байқау сертификаттары табыс етілді. Естеріңізге сала кетейік, @pavlodar_region әкімнің тапсырмасы бойынша Волонтер жылы аясында волонтерлік жобаны жүзеге асыру үшін волонтерлік ұйымдарға арналған шағын гранттар конкурсына 10 млн.теңге бөлінген болатын. Конкурс Волонтер жылының 7 бағыты аясында әлеуметтік жобалар арасында өткізілді.

Конкурс қорытындысы бойынша 19 өтінім қабылданып, сараптау комиссиясының шешімі бойынша 11 жоба өз жобасын іске асыруға 1 млн. теңгеге дейін қаржы алды.



Соңғы жаңалықтар
29.06.2026 1979 0
Волонтерлік жобаларды әлеуметтік желілерде қалай жариялау керек
Толығырақ
25.06.2026 2708 0
Матвей Швединнің игі істердің күші мен пікірлес жандар командасы туралы ойы
Толығырақ
24.06.2026 2011 0
Гүлмира Жумасаева: «Табылған әрбір адам – бір отбасының қайта қауышқан бақыты»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена