Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Отандастар Қоры» мен «Ұлттық волонтерлер желісі» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

«Отандастар Қоры» мен «Ұлттық волонтерлер желісі» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

01.07.2021 1537 0

«Отандастар Қоры» мен «Ұлттық волонтерлер желісі» өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандумның мақсаты – Қазақстандағы волонтерлік қозғалысқа қандас жастарды тарту және отандастарды қолдау бойынша волонтерлік жұмысты ұйымдастыру.

Алдағы уақытта осы екі жақты келісім негізінде жоспар құрылып, түрлі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілетін болады. Атап айтқанда, ерікті студенттік құрам қалыптастыру, отандастарды ақпараттық қолдау, мәдениет, білім беру және басқа да салаларда іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі жұмыс қамтылатын болады.

Естеріңізге сала кетейік, мемлекет басшысы 2020 жылды «Волонтер жылы» деп жариялаған болатын. Осыған байланысты ел аумағындағы жастар азаматтық жауапкершілік танытып, түрлі салаларда белсенділік танытты. Енді бұл қатарға қандас жастар да қосылады.

«Отандастар Қоры» КЕАҚ Баспасөз қызметі

Дереккөз: https://www.oq.gov.kz/news/548-otandastar-qory-dgane-ulttyq-volonterlik-dgelisi-yntymaqtastyq-turaly-memorandum  

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3191 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 2937 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2477 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена