Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Өрт қауіпсіздігі бойынша волонтерлерге арналған онлайн вебинарларды Қарасай ауданының ТЖМ қызметкерлері ұйымдастырды

Өрт қауіпсіздігі бойынша волонтерлерге арналған онлайн вебинарларды Қарасай ауданының ТЖМ қызметкерлері ұйымдастырды

07.04.2020 1198 0

Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғау органдарының басым бағыты болып табылады. Төтенше жағдайды жоюдың орнына оның алдын алған дұрыс. Бұл ереже көптеген жылдар бойы әлемнің барлық елдерінде сыналған. Бұл тек материалдық және техникалық құндылықтарды үнемдеу үшін ғана қажет емес. Белгілі бір жерде жұмыс істейтін немесе тұратын адамдарға қауіпсіздігі туралы қамқорлық жасау әлдеқайда маңызды болып есептеледі.

IT-технологиялар мен оқыту формаларының дамуын ескере отырып, тұрғындар мен оқушылар үшін өрт қауіпсіздігі бойынша оқытудың жаңа нысандары қолданылатын болады.

Оқытудың жаңа форматын енгізу, атап айтқанда Қарасай ауданының ТЖБ қызметкерлері және «Нұр Отан» жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен қашықтықтан оқытуға көшу аясында, оқу технологиясының негізгі құралы ретінде «Zoom.us» арнайы қызметін қолдана отырып, нақты уақыт режимінде «Онлайн вебинарлар» жобасын ұйымдастырды.

Бағдарламалық жасақтама платформасында бейнеконференцбайланыс арқылы сұрақтармен алмасу және өрт қауіпсіздігі туралы мазмұнды жазбалар жіберу мүмкіндігі бар.

Қашықтықтан оқыту технологияларын қолдана отырып оқытудың мақсаты: азаматтар мен оқитын оқушылар тұрғылықты жеріне, әлеуметтік мәртебесіне, жасына қарамастан өрт қауіпсіздігі саласында білім беру қызметін алу мүмкіндіктерін кеңейту болып есептеледі.

Бағдарлама аясында, Қарасай ауданының ТЖБ қызметкерлері  ерікті жасақтармен  «Нұр Отан» жанындағы «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен «Дала мен орман өрттерінің қауіпсіздігі» тақырыбында «Онлайн-вебинар» өткізді, онда өрттің пайда болуының негізгі факторлары және орман және дала өрттерінің алдын алу шаралары қарастырылды.

Сондай-ақ, волонтерлермен «Онлайн семинарлар» жобасын аясында, әр апта сайын күнделікті тұрмыстағы өрт қауіпсіздік талаптары бойынша, төтенше жағдайлар туралы, балалардың отпен ойнау және өрт қауіпсіздік саласындағы басқа да тақырыптарда бірлескен оқу дәрістері мен нұсқаулықтар тікелей эфир арқылы онлайн сабақтар өткізіледі.Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда

Қарасай ауданы ТЖБ аға инженері азаматтық қорғау                                                                                  аға лейтенанты Қаныбекқызы А.


Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 542 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1343 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 3182 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена