Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Оралда"Қайырымдылық керуен"акциясы өтуде

Оралда"Қайырымдылық керуен"акциясы өтуде

25.03.2020 1680 0

Облыс аумағында "Қайырымдылық керуен" акциясы белсенді түрде жүзеге асырылуда.

БҚО әкімі аппаратының "Қоғамдық Келісім" КММ басшысының орынбасары Туркина Айгүл хабарлағандай, "Қайырымдылық керуен" акциясының басты мақсаты қаламыздың жалғыз басты егде жастағы адамдарға қолдау болып табылады. 


- "Қайырымдылық керуен" акциясын Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы еріктілер қозғалыс орталығы өткізеді, онда акцияның басты мақсаты біздің қаламыздың жалғыз басты егде жастағы адамдарға бірінші қажеттіліктегі азық-түліктерді, сондай-ақ антисептикалық құралдар мен медициналық маскаларды қамтамасыз ету және жеткізу бойынша көмек көрсету болып табылады. 

Бізді қала кәсіпкерлігінің, этномәдени бірлестіктердің, еріктілер қозғалыстардың өкілдері және еліміздегі коронавирусқа байланысты қалыптасқан жағдайға немқұрайлы қарамайтын облыстың басқа да көптеген адамдары қолдап отыр.  

 - БҚО ҚХА волонтерлік қозғалысы штабы іс жүзінде демалыссыз жұмыс істеді, әлеуметтік пакеттер жиналып, азық-түлік салынған машиналар келіп, банерлер мен жаднамалар әзірленді, еріктілер маскалар тігіп жатты. Көптеген адамдар әртүрлі жерлерде болса да, Көптеген адамдар әртүрлі жерлерде болса да, бір рух – жақыныңа көмектесуге тілек білдірді.

Біз 42 адамды, оның ішінде 6-ы Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлері болып табылатын Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мейрамымен құттықтадық. Оларға мықты денсаулық және отбасылық амандық тіледік, олардың батасын алып, алғыс сөздерін естідік. Қаланы барынша қамту туралы шешім қабылдадық, - деп өз әсерімен "BIRLIK" еріктілер қозғалысының жетекшісі Мақатов Дулат бөлісті.

Фотолар:http://zhaikpress.kz/ru/news/assambleya-naroda-kazaxstana-zko-volontery-organizovali-karavan-miloserdiya/

Соңғы жаңалықтар
07.01.2026 147 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
08.12.2025 276 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 285 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена