Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Семейде сегіз жүзге жуық отбасыға құрбан малдың еті үлестірілді

Семейде сегіз жүзге жуық отбасыға құрбан малдың еті үлестірілді

03.08.2020 1035 0

Қасиетті Құрбан айт мейрамы Семейде де карантин талаптарына сай өтіп жатыр. Құрбандық шалуға ниет еткендер арнайы сайтқа тіркеледі. Ал қайырымдылық шарасын өткізетін азаматтар үшін тиісті желі жұмыс істеп тұр. Онда көмекке мұқтаж жандардың тізімі жарияланған.

Бүгіннің өзінде 800-ге жуық отбасына сойылған мал еті үлестірілді. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты қазір қаладағы мал сою алаңдары жұмыс істемейді. Әрі талап бойынша құрбандыққа мал шалу кезінде  адамдардың қатысуына рұқсат жоқ. Барлық рәсім онлайн түрде өтуі қажет.

Асқар Әбітайұлы, Семей өңірінің бас имамы: - Қазіргі уақытта біз қала бойынша екі қасапханада осыларды санитарлық талаптарды сақтай отырып, құрбан шалып сол жерден видеоесеп арқылы мал иелеріне есеп беріп отырмыз. Әркім өз үйінде отырып, құрбанның шариғат шарттарына сай шалынып жатқандарына көздері жетіп жатыр.  Ал шалынған мал еті бүгін мұқтаж отбасыларға жеткізілді. Олар үшін 100 қой және 10 ірі қара сойылған. Етті еріктілер апарып берді.

Алмагүл Бейсенбаева, көп балалы ана: - Айтқа аман-есен, АЛЛА қалап жетейік. Осы індеттен аман-есен шығайық. Осының бәріне АЛЛА разы болсын, рақмет сіздерге. 

Көмекке зәру жандардың қатары аз емес. Құрбандыққа сойылған мал етін алу үшін 600 жуық көпбалалы және аз қамтылған отбасыдан арнайы сайтқа өтініш түскен.

Автолрлары: Әнуарбек Мырзатайұлы, Әсем Утешева, Медет Өмірханов


Дерек көз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/413188-semejde-segiz-zh-zge-zhuy-otbasy-a-rban-a-shalyn-an-mal-eti-lestirildi 

Соңғы жаңалықтар
05.06.2025 67 0
Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды
Толығырақ
04.06.2025 79 0
Эковолонтерлік, төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік және зооволонтерлік бағытындағы үздік тәжірибелер жинағына қосылыңыз!
Толығырақ
02.06.2025 116 0
Павлодарлық волонтерлер өз жұмыстары туралы бейнероликтер түсіреді
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена