Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Корпоративтік волонтерлік туралы зерттеулерге шолу

Корпоративтік волонтерлік туралы зерттеулерге шолу

03.11.2025 4424 0

Корпоративтік волонтерлікті жай ғана қайырымдылық бастамасы етіп қарастыруға болмайды. Бүгінгі таңда бұл компанияларға корпоративтік мәдениетті нығайтуға, қызметкерлердің көшбасшылық дағдыларын дамытуға, белсенділікті арттыруға және нақты ESG нәтижелерін көрсетуге көмектесетін стратегиялық құрал болып табылады. Әлемдік зерттеулер көрсеткендей: волонтерлік бағдарламаларға қатысу адамдарға да, бизнес көрсеткіштеріне де оң әсер етеді. Төменде, сіз халықаралық зерттеулерде кездесетін ең маңызды тұжырымдарды көре аласыз.

Волонтерлік қызметкерлердің белсенділігі мен қанағаттанушылығын арттырады.

 Делойт компаниясының 2024 жылғы (Deloitte Volunteerism Survey 2024) зерттеу мәліметтері бойынша, қызметкерлердің 91% - ы волонтерлік жобаларға қатысу – олардың жұмыс тәжірибесі мен компанияға деген қарым-қатынасын жақсартады деп санайды. 56% қызметкерлер волонтерлік жұмысқа мән береді деп ойлайды, ал 52% командалық рухты нығайтады деп атап өтті.

Deloitte Volunteerism Survey 2024 https://www.aseonline.org/News-Events/ASE-News/Press-Releases/deloitte-survey-highlights-the-value-of-workplace-volunteer-programs  

Белсенді волонтерлік бағдарламалары бар компанияларда қызметкерлері ұзағырақ жұмыс жасайды

Benevity компаниясының "State of Corporate Purpose 2025" есебінің көрсеткіштері бойынша волонтерлік бағдарламалары бар компанияларда қызметкерлерді ұстап қалу деңгейі 57% жоғары болып табылады. Қатысудың негізгі драйверлері: мәдениет, командалық байланыс және үлес қосу сезімі.

Benevity State of Corporate Purpose 2025 https://benevity.com/state-of-corporate-purpose-2025  

Дағдыларға бағытталған волонтерлік қызметкерлерде көшбасшылық қабілеттерді және оқытудың тиімділігін арттырады

Көптеген ұйымдар волонтерлік жобаларында қызметкерлердің кәсіби дағдыларын қолдануы көшбасшылық дағдыларын дамытады және мотивациясын арттыратынын атап өтеді. IBM және Salesforce сияқты компаниялар волонтерлік жобаларды L&D стратегиясының бөлігі ретінде пайдаланады.

Компания тәжірибесі: How companies like Blue Cross Blue Shield are rolling out volunteer programs to boost employee satisfaction By Lisa Rabasca Roepe, сілтемесі: https://www.businessinsider.com/skills-based-volunteer-programs-boost-employee-satisfaction-engagement-2025-6  

Корпоративтік волонтерлік ESG көрсеткіштерін және жұмыс берушінің брендін күшейтеді

CECP-тің "Giving in numbers 2024" мәліметтеріне сәйкес, волонтерлік сағаттары мен әлеуметтік жобаларға белсенді инвестиция салатын компаниялар, брендтің беделі мен тұрақтылығының өсуін көрсетеді. Ірі компаниялар ESG стратегиясына волонтерлікті қосады.

CECP Giving in Numbers 2024 https://cecp.co/wp-content/uploads/2024/11/Giving-in-Numbers-2024.pdf?redirect=no

@qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 162 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 151 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 191 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена