Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Өскемен қаласында волонтерлер үшін оқыту өтті

Өскемен қаласында волонтерлер үшін оқыту өтті

11.10.2020 649 0

2020 жылғы 9 қазанда Өскемен волонтерлері Республикалық Фронт-офис менеджері Жаркымбева Құралай жүргізген «Волонтерлік жобаны қалай тиімді ету керек» практикалық тренингіне қатысты.

Тренингтің мақсаты: волонтерлерге жобаны сәтті құру және дамыту үшін қажетті негізгі факторларды іс жүзінде көрсету. Оқыту алты блоктан тұрды.

Бірінші бөлім – «Танысу». Мұнда балалар еркін жағдайда бір-бірімен танысып, командаларға бөлісті.

Тренингтің негізгі бөлігі тікелей келесі блоктар бойынша волонтерлердің бірлескен жұмысын қамтыды:

* Волонтерлік жобалардың тиімділік факторлары;

* Бенефициардың қажеттіліктері бойынша көмек;

* Волонтерлерді қалай қанағаттандыруға және тиімді етуге болады. Мерекелер мен ережелер жүйесін енгізу;

* Фандрайзинг, краудфандинг, демеушілер, меценаттар, гранттар, стипендиялар, мемлекеттік тапсырыстар;

* Өз қызметін жариялау, ақпарат тарату.

Тренинг соңында волонтерлер бенефициарлар мен мақсатты аудиторияның мәселелерін анықтауға үйренді, жобаларды қолдаудың қандай түрлері бар екенін және өз қызметін көрсетудің қандай тәсілдері бар екенін білді.

Соңғы жаңалықтар
05.06.2025 72 0
Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды
Толығырақ
04.06.2025 85 0
Эковолонтерлік, төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік және зооволонтерлік бағытындағы үздік тәжірибелер жинағына қосылыңыз!
Толығырақ
02.06.2025 119 0
Павлодарлық волонтерлер өз жұмыстары туралы бейнероликтер түсіреді
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена