Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Nur Otan» мақтааралдықтарға 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

«Nur Otan» мақтааралдықтарға 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберді

21.05.2020 1280 0

«Nur Otan» партиясы мақтааралдықтарға 400 тоннадан астам гуманитарлық көмек, оның ішінде азық-түлік, жеке гигиеналық құралдар, киім-кешек, төсек-орын жабдығы және тағы да басқа заттар жөнелтті. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек инстаграмда хабарлады. ⠀

«Jas Otan» волонтерлары мен белсенділері жергілікті жерде жеткізілген көмекті тұрғындарға үлестіріп берумен айналысып жатыр. Өңірлердегі партияластарымыз бен белсенділерімізге жұртшылыққа жедел қолдау көрсетуді ұйымдастырғандары үшін алғыс айтамын»,– деп қосыты сондай-ақ ол. ⠀

Бауыржан Байбек партия мен «Birgemiz» қорының атаулы көмек көрсетуді жалғастырып жатқанын, бүгінгі күнге дейін 150 мыңнан астам отбасы азық-түлік себеті мен антисептикалық құралдар алғанын атап өткен. «Бұған қоса 100 мың отбасы тегін маскамен қамтамасыз етілді. 360 мың отбасы 50 мың теңгеден біржолғы төлеммен қамтылды. Отбасы мүшелерін қоса есептегенде, бұл шамамен 1 млн қазақстандықты құрайды»,– деп жазылған жазбада.

Дерек көзі: https://inbusiness.kz/kz/last/nur-otan-maktaaraldyktarga-400-tonnadan-astam-gumanitarlyk-komek-zhiberdi

Соңғы жаңалықтар
13.04.2026 107 0
Aman! 1 000 000 теңгеге дейін грант ұтып ал да, идеяңды жүзеге асыр!
Толығырақ
12.04.2026 96 0
Kazakhstan for animals! 1 000 000 теңгеге дейін грант ұтып ал да, идеяңды жүзеге асыр!
Толығырақ
11.04.2026 96 0
Green Steppe! 1 000 000 теңгеге дейін грант ұтып ал да, идеяңды жүзеге асыр!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена