Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Өзбекстандағы бөгеттің жарылуына байланысты төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысында шекараға жақын орналасқан бірнеше ауылдар эвакуацияланды.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Өзбекстандағы бөгеттің жарылуына байланысты төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысында шекараға жақын орналасқан бірнеше ауылдар эвакуацияланды.

02.05.2020 1408 0


НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!!! Өзбекстандағы бөгеттің жарылуына байланысты төтенше жағдайға байланысты Түркістан облысында шекараға жақын орналасқан бірнеше ауылдар эвакуацияланды.

 

Қазір басты міндет зардап шеккендерге ең қажеттімен көмек көрсету болып табылады, бірінші кезекте: азық-түлік, дәрі-дәрмектер және гигиена құралдары.


Қазіргі уақытта өңірде мемлекеттік органдар өкілдері, волонтерлер мен блогерлер қатарынан жедел штаб құрылды. Олар үйі су астында қалған тұрғындарға жағдай толық шешілгенге дейін көмек көрсетеді. Алайда, көп адамдар күш біріктірсе, зардап шеккендер үйреншікті өмірге тезірек оралады. 


"Birgemiz" волонтерлердің республикалық фронт-офисі өмірлік қиын жағдайға тап болған азаматтарға қолдау көрсету үшін барлық жансыз азаматтарды жұмылдыруға шақырады. Егер сіз волонтер ретінде немесе қаржылық көмек көрсеткіңіз келсе, Шымкент қаласындағы волонтерліңті қолдау орталығы, "Ұлттық волонтерлік желі" ЗТБ мүшесі - "ASAA" ЖҚБ-ға келесі нөмір бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: +7 707 306 4716 – Данара, 


Қазіргі уақытта Шымкент қаласында волонтерлікті қолдау орталығы 300-ден астам отбасына азық-түлік өнімдерімен көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастырды.


Қазақстан Президенті 2020 жылды "Волонтер жылы" жариялағаны аясында Қазақстанда "Birgemiz" волонтерлердің республикалық фронт-офисі құрылды. Сондай-ақ түрлі бағыттар бойынша бірнеше жалпыұлттық жобалар жүзеге асырылуда. Олардың бірі жоғалған адамдарды іздестіру, халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру мен іске асыруға волонтерлерді тартуға бағытталған "Birgemiz: Úmit" жобасы болып табылады. Алдағы уақытта "Birgemiz" волонтерлердің республикалық фронт-офисі сізді оқиғалар туралы хабардар етеді. 


Құрметті Түркістан облысының тұрғындары, біз бірге қиындықтарды еңсеріп, алдымызда туындаған мәселелерді шеше аламыз.


#BizBirgemiz #МыВместе #БізБіргеміз #ПоддержимТуркестанскуюОбласть

Соңғы жаңалықтар
30.05.2025 129 0
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні!
Толығырақ
29.05.2025 568 0
ВОЛОНТЕРЛІК - ҚОҒАМ ІЗГІЛІГІ
Толығырақ
28.05.2025 3307 0
Корпоративтік волонтерлердің қатысуымен Атырау облыстық балалар ауруханасында «Bala space» коворкинг аймағы ашылды!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена