Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Начал с мешка картошки – как предприниматель из Шортанды стал волонтёром

Начал с мешка картошки – как предприниматель из Шортанды стал волонтёром

23.12.2020 1109 0

Бүгінде іс жүзінде әрбір субъектіде, ірі қалада немесе шағын ауданда волонтерлік ұйымдар бар. Шортанды ауданы да солардың қатарына кіреді. Осыдан 1,5 жыл бұрын «Добрые дела» еріктілер клубы құрылды. Осы клубтың негізін қалаушы Машанло Нурсаит. Уақытты  санамай, уақытша көмекке мұқтаж жандарға үнемі аямай көмек көрсетуге дайын,  олардың өмірін жеңілдетуі мүмкін барлық нәрселерге бөлісуге дайын пікірлестерді өзіне біріктіре алған қажырлы энергия мен мейірімділік, парасатты және құрметті, өзінің айналасына біріктіре алған адам. Әлеуметтік мәртебесіне, жынысы мен жасына қарамастан, олар жақсылық жасауға ұмтылатын 200-ден астам адам жинай алды.

Нурсаиттың өзі ауданда үлкен құрметке ие Машанло отбасынан шыққан, 3 бала тәрбиелеп отыр, жұбайы Кристина да сондай ақ ақкөңіл және мейірімді. Бүгінгі таңда бұл клуб ресми тіркелмеген. Екінші жыл қатарынан кәсіпкер Нурсаит Машанло мұқтаж жандарға көмектесіп келеді.

Бүгінгі таңда қиын жағдайға тап болған көптеген Шортандылықтар үшін «Добрые дела» тобы – көмек пен қолдауға деген сенім. Клубтың негізін қалаушысы Нурсаит Машанло айтқандай, еріктілік жолы бір қап картоптан басталды.

               «Мен бір қап картоп бергім келді деп әлеуметтік желірердегі топтардың біріне жаздым. Бірден мұқтаж адамдарға беретінімді айттым. Содан кейін адамдар «егер сіз бір қап картоп берсеңіз, мен қырыққабат бере аламын» деп жаза бастады. Басқалары қызылша, сәбіз және т.б. азық түліктер ұсына бастады. Кейіннен ол топ «Добрые дела» деп аталып кетті» - дейді Нурсаит.

Осы уақыттан бастап бүгінгі күнге дейін басқа адамдардың мәселелеріне бей–жай қарамайтын бір топ адам азық-түлік, көкөніс, жарма, ет тасымалдай бастады. Жиналған тауарлар тең бөлініп, мұқтаждарға таратылды.

               «Мен аудандағы әр отбасымен таныспын. Әр отбасының хал жағдайын жақсы білемін және оларға не қажет екенінде білемін. Қасиетті Рамазан айында және карантин кезеңінде белсенді көмек көрсеттік. Өрттен зардап шеккен  екі отбасыға құрылыс материалдары сатып алынды, науқас балаларға дәрі – дәрмек сатып алуға тырысамыз», - дейді Нурсаит.

               Күз айы еріктілер үшін қиын кезең болды. Жалғыз тұратын зейнеткерлерге отын мен көмір дайындау керек, кейінірек қарды тазартуға көмектесу керек болды. Уақыт өте келе көрші ауылдарда бізден көмек сұрай бастады.

               «Октябрьское ауылынан көпбалалы ана хабарласты. Оған балаға операция жасау үшін Ресейге кетуі керек болды. Ақша таппай сиырды сатқысы келді. Біз бірден барлық әлеуметтік желілердегі топтарға ақпарат жіберіп, 300 мың теңге жинай алдық. Алғыс есту - ең жақсы мотивация», - деп бөлісті волонтер.

               Нурсаиттың айтуынша, бүгінде ең қажетті көмек – азық-түлік пен киімдер. Әзірге жеке сақтау орны жоқ, сондықтан кәсіпкер жергілікті билікке жүгінуді жоспарлап отыр.

               «Келесі жылдан бастап мемлекеттік органдардан осы заттарды сақтау үшін үй-жай сұрағым келеді. Қазіргі кезде бәрі менің гаражымда жатып, ылғалдана бастады», - деп шағымданады Машанло.

               Айта кету керек, Нурсаитты еріктілік қызметі үшін аудан әкімінің екі рет Алғыс хатымен және «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек» сыйлығымен марапатталды. Еріктінің өмірлік ұстанымы «Біреуге көмектесе алатын болса, шетте қалмау керек».

               «Ертеңгі күннің жақсы болатына сенімдімін. Мен мұқтаждардың аз болғанын, аш балалар да, жұмыссыз адамдардың болмағанын шын жүректен қалаймын», - деп қорытындылады Нурсаит Машанло.

 

Соңғы жаңалықтар
27.12.2024 57 0
Қазақстандағы волонтерлік қызметке шолу: сіз білуіңіз керек барлық нәрсе!
Толығырақ
25.12.2024 238 0
Құрметті волонтерлер!
Толығырақ
24.12.2024 341 0
Мейірімділік жеткіліксіз болған кезде: ТМД-дағы волонтерліктің трансформациясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена