Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Көкшетау вокзалында волонтерлер тұрғындарға медициналық бетперде таратты

Көкшетау вокзалында волонтерлер тұрғындарға медициналық бетперде таратты

29.10.2020 1334 0

Көкшетау теміржол вокзалының қызметкерлері "Доброе сердце" ҚБ волонтерлерімен және полиция қызметкерлерімен бірлесіп коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу бойынша акция шеңберінде медициналық маскаларды таратып, жолаушылармен түсіндіру әңгімелерін өткізді.

– Мемлекет басшысы 2020 жылды Қазақстандағы Волонтер жылы деп жариялады. Волонтерлік-мемлекет пен жалпы қоғамның даму көрсеткіші, - дейді Көкшетау станциясындағы ЛОП ЖҚБ аға инспекторы полиция майоры Тұрсын Байзақова.

Көкшетау станциясының перронда және теміржол вокзалында бірлескен акция барысында теміржолшылар, волонтерлер, көліктегі СЭС өкілдері және желілік полиция бөлімінің қызметкерлері жолаушылар мен шығарып салушыларға сақтық шаралары мен ҚР Бас санитарлық дәрігерінің нұсқамалары, коронавирусты жұқтырудың алдын алу туралы айтып, оларға түсіндірме брошюралар мен медициналық юетперде таратты.

Азаматтарды күнделікті өмірде адамдар көп жиналатын жерлерде 2 метр қашықтықты сақтауға, бетперде киюге, қолды антисептикпен өңдеуге шақырды.

- Мұндай іс-шараларды өткізу қажет, өйткені еліміздің кейбір өңірлерінде коронавирустық инфекция қайтадан тарала бастады. Пандемия әлі де біздің азаматтарымыздың денсаулығына қауіп төндіреді, - деді Тұрсын Байзақова.

Дереккөз: https://railnews.kz/ru/news/8319/ 

Соңғы жаңалықтар
31.03.2026 22 0
Волонтерлер Түркістан облысында тасбақаларды құтқаруда
Толығырақ
30.03.2026 42 0
Қоғамның волонтерлік салаға сенім деңгейін бағалау
Толығырақ
30.03.2026 47 0
ҚТЖ корпоративтік волонтерлігі: қызметкерлердің қоғамға қосқан үлесі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена