Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, волонтерлер мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған мобильді топтар карантин режимін бұзушыларды анықтауда

Полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, волонтерлер мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған мобильді топтар карантин режимін бұзушыларды анықтауда

07.10.2020 1374 0

Полиция қызметкерлері, эпидемиологтар, волонтерлер мен жергілікті атқарушы органдар өкілдерінен құралған мобильді топтар карантин режимін бұзушылықтарды анықтауды жалғастыруда. Тексеру кезінде тәртіп сақшылары ойын-сауық мекемелері, тамақтану орындары, сауналар мен моншаларға кіріп, иелеріне қолданыстағы шектеулер туралы ескертеді, сонымен қатар бұзушылықтарды анықтайды.

«Таңғы сағат 05:00 шамасында полицияға тұрғыннан түнгі уақытта барлық нормаларды бұза отырып, Шевченко көшесіндегі «Угол 4/1» кафесі ашық тұрғаны туралы қоңырау түсті. Оқиға орнына полиция қызметкерлері дереу жетті. Тексеру кезінде кафеде он келуші болды. Карантин шараларын бұзғаны үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылғанына қарамастан, «Угол 4/1» иесі бас санитарлық дәрігердің талаптарын елемеген», – делінген полиция департаментінің хабарламасында.

Меншік иесіне қатысты әкімшілік кодекстің 425-бабы бойынша – халықтың санитарлық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнаманың, сондай-ақ гигиеналық нормалардың талаптарын бұзу бойынша тағы бір әкімшілік іс қозғалды.

Демалыс күндері барлығы 34 карантин тәртібін бұзушылық анықталды. Айта кетейік, мұндай рейдтер апта сайын өткізіледі.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті азаматтарды жауапкершілік танытуға және санитарлық нормаларды сақтауға шақырады.

Дереккөз: https://egemen.kz/article/251088-demalys-kunderi-mobildi-toptar-karantin-tartibin-buzghandardy-anyqtady 

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 104 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 103 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 153 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена