Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті және «Ұлттық волонтерлік желі» ассоциясы нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі арасында ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитеті және «Ұлттық волонтерлік желі» ассоциясы нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі арасында ынтамақтастық туралы меморандумға қол қойылды

02.03.2020 2181 0

Источник:

http://emer.gov.kz/kz/66141-iim-t-tenshe-zha-dajlar-komiteti-zh-ne-ltty-volonterlik-zheli-assotsiyasy-nysanynda-y-za-dy-t-l-alardy-birlestigi-arasynda-yntama-tasty-turaly-memorandum-a-ol-ojyldy


Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 26 тамыздағы № 135 Жарлығына сәйкес волонтерлікті дамыту мақсатында 2020 жыл волонтерлер жылы деп жарияланды. Волонтерлер жылын өткізудің уақтылығы мен маңыздылығы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру, жастар жылы, сондай-ақ 2030 жылға дейін тұрақты даму мақсаттарын имплементациялау шеңберінде болып жатқан процестермен де күшейтіледі.
2020 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитеті және «Ұлттық волонтерлік желі» ассоциясы нысанындағы заңды тұлғалардың бірлестігі арасында ынтамақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.
Аталған іс-шараның мақсаты халықты азаматтық қорғау іс-шараларына тарту жөніндегі ынтымақтастықты қолдауды, алғашқы көмектің халықаралық стандарттарын енгізуге жәрдемдесуді, сондай-ақ гуманитарлық көмек көрсету бөлігінде төтенше жағдайларға ден қою және басқару жүйелерін нығайтуды қоса алғанда, халықтың дайындық деңгейін жақсарту болып табылады.

Өзара іс-қимылдың негізін өскелең ұрпақпен жұмыс, халық арасында өртке қарсы білімді насихаттау, азаматтарды өрт қауіпсіздігі және судағы қауіпсіздік шараларына оқыту құрайды.
ҚР ІІМ ТЖК баспаөз қызметі


Соңғы жаңалықтар
07.01.2026 147 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
08.12.2025 276 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 285 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена