Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар ШҚО волонтерлерінің көмегімен хабар-ошарсыз кеткен 50-ден астам адамның мекен-жайы анықталды

ШҚО волонтерлерінің көмегімен хабар-ошарсыз кеткен 50-ден астам адамның мекен-жайы анықталды

27.10.2020 1231 0

Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша 2020 жыл Қазақстанда Волонтер жылы деп жарияланды.

Бұл ақшалай сыйақыны есептемей, қоғамның игілігі үшін ерікті түрде жүзеге асырылатын қызметтің кең ауқымы.

ШҚО полиция департаменті волонтерлермен және волонтерлік ұйымдармен Облыстың ішкі саясат басқармасымен бірлесіп жұмыс жүргізуде.

Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша 1 200-ден астам волонтерлерді біріктіретін 30 волонтерлік ұйым бар. Криминалдық полиция бөлімшелерінің, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша және жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері волонтерлік ұйымдармен белсенді ынтымақтасады және өзара іс-қимыл жасайды.

200-ге жуық адам құқық бұзушылықтың алдын алу және азаматтардың шектеу шараларын сақтауын бақылау бойынша ШҚО ПД жүргізіп жатқан жұмысқа тартылды.

2020 жылы Құқықтық тәртіп сақшылары волонтерлермен бірлесіп есірткі сату бойынша интернет-ресурстарға сілтемелері бар 87-ге жуық граффити-суретті алып тастады. Хабар - ошарсыз кеткен 50-ден астам адамның, оның ішінде үйден кеткен 24 кәмелетке толмағанның мекенжайы анықталды, - деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Дереккөз: https://altaynews.kz/ru/mestonaxozhdenie-bolee-50-bez-vesti-propavshix-licz-ustanovleno-s-pomoshhyu-volonterov-vko-54860.html 

Соңғы жаңалықтар
29.01.2026 0 0
Жастар, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек: Қазақстандағы волонтерлік өмірі
Толығырақ
17.01.2026 179 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 294 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена