Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар «Маска тағыңыздар»: Акцияны блогерлер мен қоғам қайраткерлері қолдады

«Маска тағыңыздар»: Акцияны блогерлер мен қоғам қайраткерлері қолдады

26.07.2020 1869 0

Алматыда оперативті штаб қызметкерлері мен еріктілердің бастамасын белгілі блогерлер, қоғам қайраткерлері қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл бастаманы еріктілер көтерген. Олар жолда өтіп бара жатқан көліктерге «Маска тағыңыз» деген жапсырманы таратып жатыр. Бұл бастаманы блогерлер Бейбіт Әлібеков пен Қайрат Құдайберген қолдады.

«Акция мақсаты – қала тұрғындары мен жастарын маска тағуға үндеу. Бұл әр адамның жауапкершілігі болуы керек. Бұл акцияны тек Алматыда ғана емес, бүкіл республика бойынша челлендж етіп таратсақ деген мақсатымыз бар», - дейді штаб үйлестірушісі Алма Ауғанбаева. Оның айтуынша, 19 наурызда төтенше жағдай жарияланғалы бері Қазақстандағы барлық еріктілер, ұйымдар біріккен.

«Менің ойымша, бүгінгі акция өте маңызды. Мен өзім коронавируспен ауырып тұрған соң мұның барлығын түсінемін. Менің жұбайым, атам, әжем - барлығы ауырып жатыр. Гигиеналық нормаларды сақтамайтын адамдар осындай әлжуаз топтардың жұқтыруына ықпал етеді», - деді Қайрат Құдайбергенов.


Дерек көз: https://www.inform.kz/kz/maska-tagynyzdar-akciyany-blogerler-men-kogam-kayratkerleri-koldady_a3676377 

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3690 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 3533 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2932 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена