Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Игі істер марафоны: Аршалы ауданының көп балалы отбасыларына азық-түлік және мектеп керек-жарақтарымен көмек көрсетілді

Игі істер марафоны: Аршалы ауданының көп балалы отбасыларына азық-түлік және мектеп керек-жарақтарымен көмек көрсетілді

14.09.2021 1154 0

Игі істер марафоны аясында Ақмола облысы Аршалы ауданы Сараба ауылдық округінің кәсіпкерлері көп балалы және аз қамтылған отбасыларға азық-түлік пен мектеп керек-жарақтарымен көмектесуде, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Жеке кәсіпкерлер С.Шүкенова мен К. Орумбаев Хурмет Берікболдың көп балалы отбасысының балаларына мектеп формасын сатып алуына көмек көрсетті.

Осы округте "Айнұр" шаруа қожалығының басшысы Ж.Бұхарбаев 10 отбасына азық-түлікпен көмектесті. "Самұрық" шаруа қожалығының басшысы Р.Қытайбеков округтің 3 отбасын азық-түлікпен қамтамасыз етті. Кәсіпкерлер Сәлімов пен Чанчиков те қажетті заттармен көмектесті.

Сонымен қатар, мұқтаж отбасыларға Нұр-сұлтан қаласының «Клуб добряков» еріктілері көмектесті. Елордалық волонтерлер 15 отбасына азық-түлік және тұрмыстық химия түрінде көмек көрсетті.

Дереккөз: https://dknews.kz/ru/regiony/200869-marafon-dobryh-del-mnogodetnym-semyam-arshalynskogo 

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2067 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2534 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена