Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар "Игі істер марафоны": Ақмола облысындағы 2500-ден астам отбасы азық-түлік алды

"Игі істер марафоны": Ақмола облысындағы 2500-ден астам отбасы азық-түлік алды

29.07.2021 665 0

"Игі істер марафоны" жалпыұлттық жобасы аясында Ақмола облысында 1000-нан астам іс-шара жүзеге асырылды, жалғыз тұратын 9500 адамға әлеуметтік көмек көрсетілді, көп балалы және аз қамтылған 2600 отбасыға азық-түлік себеттері таратылды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Облыстық жастар ресурстық орталығының басшысы Мәнсия Есекеева мәлімдеді, деп хабарлайды ішкі саясат басқармасы.

 

Спикер атап өткендей, Облыстың жастар-ресурстық орталығы Волонтерлерді қолдау орталығымен бірлесіп, қаңтар айында "Игі істер марафоны" жобасына енген "30 игі іс" акциясын бастады. Акцияны жастар ресурстық орталықтары, волонтерлер мен жоғары оқу орындары, этномәдени бірлестіктер мен бастамашыл азаматтар қолдады. Акция аясында 50-ден астам мұқтаж отбасыға көмек көрсетілді.

Қаңтар-наурыз айларында "Игі істер марафоны" жобасы аясында "Қарлы десант" акциясы өткізілді. Іс-шараға облыстың 19 өңірінен 500-ге жуық волонтерлер жұмылдырылды, 1320 қарт пен мүмкіндігі шектеулі адамның, жалғыз басты зейнеткердің  аулалары тазартылды, 36 тонна қар шығарылды.

Осы жұмысты жалғастыру үшін "Lider.KZ Мейірімді жүрек" қоғамдық қоры Риддер қаласында өрттен зардап шеккен азаматтарға көмек қорын ашып, 500 мың теңге көлемінде қаражат табыстады. Бурабай ауданының волонтерлері өрттен зардап шеккен отбасына жалпы сомасы 160 мың теңге ақшалай қаражат, мектеп керек-жарақтары, азық-түлік тапсырды. Жастар ресурстық орталығы "Әкелер Одағы" қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, 10 жалғызбасты әкеге азық-түлік себетін таратты.

"Игі істер марафоны" жобасы аясында жыл басынан бері Ақмола облысы Қазақстан халқы ассамблеясының қоғамдық құрылымдары 5 мыңнан астам адамды қамти отырып, жалпы сомасы 60 миллион теңгеден астам сомаға 180 қайырымдылық іс-шарасын өткізді. Олардың қатарында аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, соғыс ардагерлері, тыл еңбеккерлері бар", - деді Мәнсия Есекеева.

"Игі істер марафоны" жобасын іске асыру табиғатты сақтауға және қоғамның назарын экологиялық проблемаларға аударуға ықпал етеді. Осы бағыт аясында облыс волонтерлері 200-ден астам ағаш отырғызды.

Дереккөз: https://tengrinews.kz/news/marafon-dobryih-del-2500-semey-akmolinskoy-oblasti-poluchili-444289/  

Соңғы жаңалықтар
27.12.2024 180 0
Қазақстандағы волонтерлік қызметке шолу: сіз білуіңіз керек барлық нәрсе!
Толығырақ
25.12.2024 305 0
Құрметті волонтерлер!
Толығырақ
24.12.2024 434 0
Мейірімділік жеткіліксіз болған кезде: ТМД-дағы волонтерліктің трансформациясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена