Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтер деген кімдер?

Волонтер деген кімдер?

15.06.2021 4025 0

Біз бәріміз коронавирустық пандемия біздің өмірімізге қалай өзгеріс енгізгеніне куә болып отырмыз. Біздің денсаулығымызды және жақындарымыздың денсаулығын сақтауға бағытталған жаңа әдеттер пайда болды, мысалы, маска тағу, әлеуметтік қашықтықты сақтау. Көптеген адамдар үшін әдеттегі жұмыс форматы қашықтан жұмыс жасау форматына ауысты. Мұндай қиын сынақтар бір-бірімізге мейірімді және жанашыр болу қаншалықты маңызды екенін көрсетеді.

Біз күн сайын мұқтаж адамдарға қолдау мен көмек көрсету туралы жаңалықтарды оқып, көріп жүрміз. Волонтерлер маскалар, антисептиктер, азық-түлік таратады, үйлер салады, ауруханаларға көмек көрсетеді, дәрі-дәрмектерді тасымалдайды, өзен жағалауларын тазартады, адамдарды құтқарады, жануарларға көмек көрсетеді, мұның бәрі волонтерлердің күн сайын жасайтын қызметтердің аз бөлігі ғана. Сонымен, волонтер деген кімдер?

Волонтерлер - қоғам игілігі үшін тегін және өз еркімен қызмет ететін адамдар. Олар ешқандай материалдық сыйақы алмайтынын түсіну керек, кейбір жағдайларда оларға тамақтану, жол жүру, орналасатын орын шығындары өтелуі немесе сертификаттар, алғыс хаттар табысталуы мүмкін. Волонтерлердің басты мотивациясы - мақтау немесе алғыс күтпей көмек көрсету. Бірақ әр волонтер басқалар ойлағаннан әлдеқайда көп пайдалы нәрселер алады. Адамдардың күлкісін көру, қуанышын сезіну, жаңа дағдыларды игеру, қызықты таныстықтар, өмірлік тәжірибе алу - бұл волонтердің алатын пайдалардың бір бөлігі ғана. Ең бастысы, бүгінгі таңда волонтердің бір адамға көмектескені сол күні бүкіл әлемді өзгертпеуі мүмкін, бірақ ол сол адам үшін әлемді өзгерткенін білу.

БҰҰ-ның 2018 жылғы статистикасына сәйкес, ол кезде әлемде 1 миллиардтан астам волонтер болған. Бүгінгі таңда бұл көрсеткіш өсті деп сеніммен айтуға болады, өйткені сынақтар адамдарды біріктіреді.

Біздің платформада 48 000-нан астам волонтер тіркелген. Олардың арасында мектеп оқушылары, студенттер, жұмыс істейтін адамдар, қарт адамдар бар. Волонтерлік жасқа, мамандыққа қарамайды. Жынысына, нәсіліне, жасына, әлеуметтік мәртебесіне немесе басқа да белгілеріне қарамастан әркім волонтер бола алады.

Волонтерлердің қоғам өміріндегі рөлінің маңыздылығы барған сайын күшейе түсуде. Оған біздің елімізде Мемлекет басшысының 2020 жылды "Волонтер жылы" деп жариялауы дәлел бола алады. Волонтерлер мен волонтерлік ұйымдарды қолдау биылғы жылы да жалғасын тапты.

Авторы: Александра Крашинина

Фото дереккөзі: kz_nvs 

Соңғы жаңалықтар
05.06.2025 82 0
Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды
Толығырақ
04.06.2025 94 0
Эковолонтерлік, төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік және зооволонтерлік бағытындағы үздік тәжірибелер жинағына қосылыңыз!
Толығырақ
02.06.2025 122 0
Павлодарлық волонтерлер өз жұмыстары туралы бейнероликтер түсіреді
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена