Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтанда жас волонтерлер еңбегі атап өтілді

Нұр-Сұлтанда жас волонтерлер еңбегі атап өтілді

05.06.2020 1072 0

Елордада IQanat білім беру қорының Олимпиада ойындарының волонтерлерінің еңбегі аталып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Үш жыл ішінде білім беру саласының дамуына үлес қосқан жастарға арнайы кітаптар салтанатты түрде табысталды.

Айта кететін жайт, іс-шараның ұйымдастырушылары пандемияға байланысты барлық қажетті қауіпсіздік шараларын қамтамасыз етті. Рәсімге тек 30 волонтер қатыса алды.

IQanat қорының атқарушы директоры Айжан Садықова белсенділерге «мақтаныш кітаптарын» тарта ете отырып, елордалық волонтерлердің қор жұмысының бастапқы сәтінде алғашқы болып көмек көрсеткендерін атап өтті. Сол уақытта Олимпиада тек бір облысты қамтып, оның қызметіне елордалық волонтерлердің қосқан үлесі IQanat қорының білім беру бастамаларын одан әрі дамытуға ықпал етті.

Сонымен қатар 14 аймақтағы барлық 420 қор көмекшісінің жұмысы ескерілетінін атап өтті. Кез-келген іс-шараның сәттілігін — волонтерлерге тән бастамашылық пен ұымдастырушылық қасиеттеріне, сондай-ақ волонтерлердің көмекті қажет ететін адамдарға көмектесуге дайын болатындығы анықтайды.

«Мен IQanat-тың сәттілігіне және біздің жұмысымыздың жақсы болғанына өте қуаныштымын, - деді марапатталғандардың бірі Әділ Курмантас:«Қазір жастар арасында волонтерлік танымал, өйткені бұл бізге көп нәрсені үйренуге және жаңа достармен танысуға мүмкіндік береді».

Жас көмекшілер олардың белсенді азаматтық ұстанымдары еліміздің дамуына ықпал ететініне сенімді.

IQanat білім беру қоры өз жұмысын 2017 жылдың қыркүйегінде ауыл оқушыларына арналған жарыстар ұйымдастырудан бастаған.

Дерек көз: https://tengrinews.kz/story/knigi-gordosti-vruchili-yunyim-volonteram-v-nur-sultane-404441/

 

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 145 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 955 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 2870 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена