Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Күміс волонтерлердің республикалық форумы

Күміс волонтерлердің республикалық форумы

28.10.2020 1854 0

31 қазанда «Болашақ» Қауымдастығы Күміс волонтерлердің республикалық форумын - аға буын өкілдері арасында волонтерлікті дамыту саласындағы жылдың басты іс-шарасын өткізеді.

Форум онлайн форматта өтеді және 50 жастан асқан волонтерлерді, «күміс» волонтерлікті дамыту саласындағы жобаларды іске асыратын бірлестіктер мен қозғалыстардың басшылары мен өкілдерін біріктіреді.

Форумға халықаралық және қазақстандық спикерлер қатысады, олар «Белсенді ұзақ өмір сүру» концепциясын іске асыру және «күміс» жастағы азаматтар арасында волонтерлік қызметті ұйымдастыру тәжірибесімен бөліседі.

Форумға шақырылған құрметті  қонақтар мен хедлайнерлер қарттық шаққа деген  өз көзқарастарымен бөлісетін болады:

Михаил Казиник - ресейлік және швед дәріскер-музыкатанушысы, ағартушы және біздің заманымыздың ең білімді адамдарының бірі;


Анатолий Некрасов - танымал зерттеуші, психолог, философ, Халықаралық Жаратылыстану Академиясының негізін қалаушы;

Белсенді ұзақ өмір сүру және «күміс» волонтерлік мүмкіндіктері туралы баяндайтын спикерлер:


Митрофаненко Валерий Валентинович - ТМД елдерінің еріктілер қозғалысы Қауымдастығының негізін қалаушы, педагогика ғылымдарының кандидаты;


Ақанова Әсия Айқанқызы - Белсенді ұзақ өмір сүру орталығының басшысы және «Болашақ» бағдарламасының түлегі.

Форумға қатысушылардың  бағдарлама аясында шеберлік сыныптар мен семинарларға, сондай-ақ панельдік пікірсайысқа қатысып, волонтерлік саладағы жұмыстың тиімді практикаларымен танысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндіктері болады.

Өтетін күні: 31 қазан 2020 жыл, сағ.: 11.00 - 17.00.

Форматы: онлайн Zoom

Ұйымдастырушылар: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ мемлекеттік гранты аясында Алматы қаласы бойынша «Болашақ» Қауымдастығы.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласыңыз: +7 707 403 53 23 Кымбат

Соңғы жаңалықтар
31.03.2026 22 0
Волонтерлер Түркістан облысында тасбақаларды құтқаруда
Толығырақ
30.03.2026 42 0
Қоғамның волонтерлік салаға сенім деңгейін бағалау
Толығырақ
30.03.2026 47 0
ҚТЖ корпоративтік волонтерлігі: қызметкерлердің қоғамға қосқан үлесі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена