Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Халықаралық Жастар күніне 800 мың қазақстандық қатысады

Халықаралық Жастар күніне 800 мың қазақстандық қатысады

12.08.2021 1107 0

Бүгін, 12 тамызда Халықаралық Жастар күні аясында бүкіл ел бойынша жастарды қолдауға және оларды мемлекеттің қоғамдық өміріне тартуға бағытталған 200-ден астам онлайн іс-шара өткізу жоспарлануда. Бұл туралы "ҚазАқпарат" ХАА ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

Іс-шаралар аясында барлығы 800 мыңнан астам жастарды қамту жоспарлануда. Барлық облыстар мен Республикалық маңызы бар қалаларда жастардың өзекті мәселелерін талқылау және оларды шешу бойынша ұсынымдар әзірлеу бойынша өңірлер әкімдері жанындағы кеңестердің отырыстарын, "Игі істер марафоны" жалпыұлттық жобасы шеңберінде қайырымдылық іс-шараларын және волонтерлердің қатысуымен экологиялық акцияларды өткізу жоспарлануда.

Халықаралық Жастар күні іс-шараларының маңызды бөлігі ЖОО және ТжКБ ұйымдарының түлектерін, NEET санатындағы жастарды және т.б. жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкелерін ұйымдастыру. Бұдан басқа, әлеуметтік желілерде экологиялық және қайырымдылық іс-шаралар, ағартушылық челлендждер ұйымдастырылады.

Атап өтейік: Халықаралық Жастар күні – 12 тамызда атап өтілетін жыл сайынғы мереке. 2000 жылдан бастап, 1999 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы 12 тамызды Халықаралық Жастар күні деп жариялау туралы Жастар министрлерінің дүниежүзілік конференциясының ұсынысын қолдағаннан кейін атап өтілуде.

Дереккөз: https://www.inform.kz/ru/v-meropriyatiyah-mezhdunarodnogo-dnya-molodezhi-primut-uchastie-800-tysyach-kazahstancev_a3823026 

Соңғы жаңалықтар
29.01.2026 0 0
Жастар, экология және төтенше жағдайлар кезіндегі көмек: Қазақстандағы волонтерлік өмірі
Толығырақ
17.01.2026 179 0
«Жыл волонтеры ұсынады»: жеке тәжірибе
Толығырақ
07.01.2026 294 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена