Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар "Халық" қоры волонтерлерге "Ел тірегі-ЕЛБАСЫ" акциясына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді

"Халық" қоры волонтерлерге "Ел тірегі-ЕЛБАСЫ" акциясына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді

12.07.2021 2205 0


"Халық" қайырымдылық қоры Қазақстан волонтерлеріне "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" атты кезекті қайырымдылық акциясын өткізуге қосқан елеулі үлесі мен көрсеткен көмегі үшін шын жүректен алғыс білдіреді. Әр күн – бұл игі іс жасап, біреудің өмірін жақсы жаққа өзгерту мүмкіндігі. Әрбір волонтердің жүрегінде біз бірге бұл әлемді сәл ғана болса да мейірімді ете аламыз деген сенім бар.

"Халық" қайырымдылық қоры "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" акциясын жалғастыруда, оның шеңберінде мұқтаж отандастарға жүйелі түрде қолдау мен көмек көрсетіледі. Волонтерлер тағы да бей-жай қалмай, қордың бастамасын қолдады. 1 шілдеден бастап аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, сондай-ақ, осы күнге дейін материалдық жағдайы қиын болған ерекше қажеттіліктері бар балалары бар отбасыларға 20 000 азық-түлік себеті таратылды. Азық-түлік жиынтықтары әкімдіктер ұсынған тізімге сәйкес таратылады.

"Қазақстандықтар оларға ұдайы көрсетіліп отырған көмектері үшін зор ризашылықтарын білдірді. Жақсылық жасай отырып, біз үлкен қуаныш пен шынайы мақтаныш сезіміне бөленеміз. Мұқтаждардың көздерінен бақытты көру – біз үшін ең құнды сыйлық!", - дейді өз ойларымен бөліскен волонтерлер. "Волонтерлердің уақытылы қолдауының арқасында "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" кең ауқымды акциясы жүзеге асырылды. Волонтерлер үлкен жұмыс атқарады және қоғамға таптырмайтын пайда әкеледі. Сіздердің мейірімділіктеріңіз, шынайы қамқорлықтарыңыз, қолдауларыңыз және болашаққа деген сеніміңіз біздің еліміздің азаматтарының игілігі үшін одан әрі дамуға және жұмыс істеуге көмектеседі.

Сіздердің еңбектеріңіз бен қамқорлықтарыңыз үшін рахмет! Бұл әлеуметтік маңызы бар жобаны сіздің қатысуыңызсыз сәтті жүзеге асыру мүмкін болмас еді", - делінген "Халық" ҚҚ қамқоршылық кеңесінің төрайымы Динара Құлыбаеваның үндеуінде. Қор 2021 жыл бойы "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" акциясын өткізуді жоспарлап отыр. "Халық" ҚҚ барлық бизнесмендер мен жанашыр қазақстандықтарды "Ел тірегі – ЕЛБАСЫ" акциясына қосылуға шақырады. Біздің үлкен ісімізде кез-келген көмек маңызды екенін ұмытпаңыз. Бірге жақсылық жасайық және ортақ күш-жігерімізбен біз барлық қиындықтарды жеңеміз!

Дереккөз: https://www.nur.kz/birgemiz/1921996-fond-halyk-poblagodaril-volonterov-za-podderzhku-aktsii-el-tiregi-elbasy/  

Соңғы жаңалықтар
08.12.2025 116 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 112 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
05.12.2025 160 0
Астанада «Жыл волонтері» халықаралық сыйлығы мен «Игі істер марафонының» 70 лауреаты марапатталды
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена