Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қазалылық волонтерлер тұрмысы төмен отбасына баспана салып берді

Қазалылық волонтерлер тұрмысы төмен отбасына баспана салып берді

14.07.2020 1322 0

Қызылорда облысы Қазалы ауданында тұратын волонтерлер Мархаббат Асанова мен Мерей Айекешованың бастамасымен жергілікті тұрғындар көп балалы отбасыға баспана салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын қайырымдылық істерімен көпшілік көзіне түсіп келген волонтерлерді төрт балалы жалғызбасты әкенің жағдайы алаңдататын еді. Карантин кезінде халыққа көмектесу мақсатында қаржы қорын құрды. Жергілікті кәсіпкерлер тарапынан жиналған 800 мың теңгеге аз қамтылған 55 отбасыға азық-түлік жеткізіп берді.

Сондай-ақ,арнайы карантиндік шара барысында жұқпалы аурулар ауруханасына жаңа төсек жабдықтары мен арнайы киім алдырды.

«Осындай күндердің бірінде Қазалы қаласындағы 4 балалы жалғызбасты әкенің жағдайы бізді алаңдатты. Ол тұратын баспана көзге қораш көрінетін. Баспана құлау қаупінде тұрған. Нөсер жауса, үй шынымен құлап қалар еді. Осылайша, қалған шағын қаржымен жаңа үй салуды ойластырдық», - деді волонтер жастар.

Қайырымдылыққа шақырған қос қыздың бұл ісіне Қазалы жастары да қызу қолдау білдірді. Кәсіпкер ақшалай да, құрылыс жабдықтарымен де қамтамасыз еткен. Нәтижесінде баспанаға мұқтаж отбасы қысқа уақыт аралығында 3 бөлмелі үйдің кілтін алды. Сондай-ақ, Қызылордада жанашыр жандар көпбалалы анаға баспана алып берді.

Дерек көз: https://www.inform.kz/kz/kazalylyk-eriktiler-turmysy-tomen-otbasyna-baspana-salyp-berdi_a3671104

 

Соңғы жаңалықтар
07.01.2026 84 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев: «Біздің бастамамызбен Біріккен Ұлттық Ұйымы 2026 жылды Халықаралық Еріктілер жылы деп жариялады»
Толығырақ
08.12.2025 255 0
Достар! Біз қуанышпен хабарлаймыз: ҮЕҰ үшін жаңа әдістемелік нұсқаулық жарық көрді!
Толығырақ
06.12.2025 260 0
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнықты даму мақсаттарына орай Халықаралық еріктілер жылын жариялауға арналған сессиясына жолдаған үндеуі
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена