Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қазақстандықтарды жаңа стационарларда волонтер болуға шақырады

Қазақстандықтарды жаңа стационарларда волонтер болуға шақырады

16.07.2020 1106 0

Алматыда пневмониямен ауыратын науқастарға арналған күндізгі стационардың қайырымдылық жобасы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алдағы күндері Алматыда ашылатын стационарда орташа ауырлықтағы пациенттерді қабылдайды, онда аурудың ауыр түріне айналмауы үшін оларға көмек көрсетіледі.

Жобада кәсіби дәрігерлер жұмыс істейді, бірақ волонтерлер қажет. Ұйымдастырушылар медициналық факультеттердің студенттерін және көмек көрсеткісі келетін барлық адамдарды шақырады.

«Біз күндізгі стационарлар аясында ауруханаларға жіберілмеген барлық пациенттерге мемлекеттік медициналық көмек көрсетуге дайынбыз. Дәл осы елдегі пациенттердің үлкен категориясы дәрі-дәрмектердің, медициналық тексеру мен қадағалаудын жетіспеушілігінен зардап шегеді. Көптеген адамдар қолда не бар сонымен емделуде, барлық қажетті дәрлерді сатып алуға көбінің мүмкіндігі жоқ. Мұның бәрі үйде мұндай науқастар жағдайының шексіз нашарлауына әкеліп соғады», - дейді ұйымдастырушы Ерлан Нұрпейісов.

«Күндізгі стационардың бірінші ашылған күні біз барлық ниет білдірген кәсіпкерлер мен жай ғана белсенді азаматтарға осындай ауруханаларды өз қалалары мен ауылдарында ашуға арналған қадамдық жоспарды дереу жариялаймыз. Біз оларды қажеттінің барлығымен қамтамасыз етудің белгілі арналарымен байланыстырамыз. Біз отандастарымыздың денсаулығы мен өмірін сақтауға үлкен үлес қоса аламыз», - деді ол.


Сонымен қатар, BI Group басшысы Айдын Рахымбаев Алматы мен Нұр-Сұлтанда коронавируспен ауыратын науқастарды тегін емдейтін орталықтар ашуды көздеп отыр.

«Біз кеңейту мүмкіндігімен Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында 100-200 орындық амбулаториялық-емханалық орталықтарды ашуға арналған бөлмелер іздейміз. Біз тиісті жалдау ақысын төлеуге, барлық ыңғайлы және дайын нұсқаларды қарастыруға дайынбыз, жақсырақ қонақ үйлер, тұрғын үй блоктары немесе жуынатын бөлмелері бар бөлмелер, ыңғайлы кіру және т.б. Біз күн сайын BI-дегі үй-жайларды сұрыптаймыз, бірақ біздің үйлрердің барлығы тұрғын үй кешенінде, мұндай орналасу басқа тұрғындар үшін қауіпсіз емес», - деді ол.

Волонтерлерден қажетті көмек: инъекциялар, тамшылар, оттегі. Бір сағаттық ставка үшін дәрігерлер де қажет.

Рахымбаев орталықтар күндізгі стационар түрінде CVI орташа емделуді қажет ететіндер үшін ашық екенін айтты.

Сіз келесідей волонтер бола аласыз:

Тіркеу үшін [email protected] электронды мекен-жайына келесі ақпаратты жіберу керек:

1. А.Т.Ж.

2. Телефон нөмірі.

3. Тұратын қаласы.

4. Кәсібі.

5. Сіз қалай көмектескіңіз келеді?

Барлық ақпаратты алғаннан кейін, адам волонтерлердің WhatsApp чатына қосылады, онда олар күн сайын жаңалықтар туралы хабардар болады.

Бұған дейін «Шұғыла» қоры науқастарға оттегі қондырғысы үшін 250 миллион теңге жинағаны туралы хабарланған болатын. Сонымен қатар, тағы бірнеше волонтерлік қаражат жинау топтары бар. Kvi_help.kz блогы бірнеше күннің ішінде 10 миллионнан астам теңге көмегін жинап, 20 оттегі концентраторларын Қапшағай, Талғар және Алматыдағы ауруханаларына сатып алып жіберді. Волонтерлердің тағы бір жиналысын айтыскер Айнұр Тұрсынбаева жүргізді.

Дерек көз:https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/kazahstantsev-prosyat-stat-volonterami-v-novyih-statsionarah-408477/

Соңғы жаңалықтар
22.12.2024 4108 0
Жыл волонтері ұсынады!
Толығырақ
16.12.2024 1261 0
Мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтауларымызды қабыл алыңыздар!
Толығырақ
09.12.2024 860 0
БҰҰ еріктілері 18 жастан асқан барлық ниет білдірушілерді 2026 жылы Халықаралық еріктілер жылының логотип байқауына қатысуға шақырады!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена