Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтанда полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық инсталляция пайда болды

Нұр-Сұлтанда полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық инсталляция пайда болды

30.07.2020 2628 0

Туындының авторы – алматылық суретші Сәуле Сүлейменова

Нұр-Сұлтан қаласында полиэтилен пакеттерінен жасалған экологиялық инсталляция пайда болды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Туындының авторы – алматылық суретші Сәуле Сүлейменова. Жетісу саябағында орнатылған арт-нысан полителен қалдықтарынан құрастырылған. Бұл жұмысты ұйымдастыру үшін Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығы қала тұрғындары және қонақтарымен бірігіп полиэтилен пакеттерін жинаған. Акция қаланың үш саябағында  күні бойы өткізіліп, нәтижесінде  5000-нан астам пакет жиналған. Суретші Сәуле Сүлейменова пакеттерден өнер туындысын жасай отырып, азаматтарды экологиялық мәселелер туралы ойлануға әрі пластиктен барынша бас тартуға шақырады. 

«Біз инсталляцияны жасау үшін 3 күн бойы 12-14 сағат жұмыс істедік. Бұл жұмыс адамдар, қала және дала туралы. Өкінішке қарай, қоқыс көбеюде және біз оны қайта өңдей алмай жатырмыз. Даламыздың қоқысқа оранғанын көріп, халықты осындай туынды арқылы экологиялық мәдениетке шақырғым келді. Бұл арт-нысанда ешқандай бояу жоқ. Пластик пакеттерден ашық аспан астындағы қоқыс шашылған елорданы салып шықтым», – деді суретші Сәуле Сүлейменова.


Айта кетейік, бұл акция елімізде басталған «Stopқоқыс» әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды. Сондай-ақ, халықаралық полиэтилен пакеттерінен бас тарту күніне орайластырылған. Бүгінде Қазақстанда қалдықтар мәселесі шешімін таппаған өзекті мәселелердің бірі болып отыр, дейді мамандар.


«Елімізде көптеген стихиялық қоқыстар бар. Экология министрінің мәліметінше, былтырдың өзінде 9 мыңнан астам қоқыс орындары анықталған... Одан бөлек әр қалада республика бойынша 5 миллионға жуық тұрмыстық қатты қалдықтар пайда болады. Соның ішінде 15 пайызы ғана қайта өңделеді. Қалғандары, өкінішке қарай, полигондарда көміліп жатыр», – деді Қазақстанның экологиялық ұйымдар қауымдастығы басқарма төрағасының орынбасары Елдос Абақанов.


Дерек көз: https://almaty.tv/kz/news/ekologiya/1806-nur-sultanda-polietilen-paketterinen-dgasalgan-ekologiyalyk-installyatsiya-payda-boldy

https://informburo.kz/novosti/kartinu-iz-5500-ispolzovannyh-paketov-sozdala-hudozhnica-v-nur-sultane.html

Соңғы жаңалықтар
10.09.2026 73 0
Пластик қалдықтарынан — жануарлар панасына қажетті бұйымдар: волонтер Айсұлу Жамашованың жобасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды
Толығырақ
07.09.2026 532 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды
Толығырақ
19.08.2026 2278 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена