Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтер атанып, өзіңізге сәйкес келетін волонтерлік жобаны қалай табуға болады?

Волонтер атанып, өзіңізге сәйкес келетін волонтерлік жобаны қалай табуға болады?

24.07.2021 1441 0

Көптеген адамдар бұл сұрақты біреуге көмектесуге ниет білдірген кезде сұрайды. Бірақ волонтерлік ұйымдарды немесе қозғалыстарды іздеуді бастамас бұрын, сіз ең сапалы және тиімді көмек көрсету қолыңыздан келетін жеріңізді анықтауыңыз керек.

Сіздің кәсіби дағдыларыңызға, хоббиіңізге және жеке қасиеттеріңізге үңіліп көріңіз. Сіз не істей аласыз және волонтерлікке қанша уақыт жұмсай аласыз. Волонтерлік жолында уақытты, дағдыларды және эмоционалды ресурстарды жұмсайсыз. Осыдан кейін сіз пікірлес адамдарды іздеуді бастай аласыз.

Мен бір кездері қолданған ең бірінші әдіс – іздеу жүйелері арқылы волонтерлер ұйымдарын іздеу. Іздеу жүйесінде сіздің іздеген сөзіңізді қамтитын барлық нәтижелер берілетіндіктен ұйымдарды іздеу көп уақытты қажет етеді, әрі сіз әр ұйымды мұқият тексеруіңіз керек.

Екінші әдіс – осы платформаның артықшылықтарын пайдалану. Платформада тіркелу қарапайым және бірнеше минутқа созылады. Платформада сіздің волонтер сауалнамаңыз бірден пайда болады, оны неғұрлым толығырақ толтырсаңыз, соғұрлым жақсы болады.

Одан кейін сізге мыңнан астам волонтерлік жоба ашылады. Сіз тек сүзгіні пайдаланып, өз аймағыңыздағы жобаларды таба аласыз.

Таңдау алдында кітапханамен танысуды ұсынамыз, онда сіз волонтерлік туралы көптеген материалдарды таба аласыз, олар сіздің сұрақтарыңызға жауап береді, мысалы: волонтерлікке белгілі бір жас шамасы бар ма? Волонтер болу үшін оқу керек пе? Сізді қызықтыратын волонтерлер ұйымы туралы сенімді ақпаратты қалай табуға болады? және тағы басқалар. Сондай-ақ, волонтерлердің оқиғалары және елдегі волонтерлер мен волонтерлік туралы жаңалықтарды таба аласыз.

Платформаның білімі мен мүмкіндіктерімен қаруланыңыз. Өзіңіздің волонтерік жолыңызды бастаңыз!

Автор: Александра Крашинина

Соңғы жаңалықтар
05.06.2025 82 0
Шымкентте волонтерлерге арналған жазғы мектеп ұйымдастырылды
Толығырақ
04.06.2025 94 0
Эковолонтерлік, төтенше жағдайлар саласындағы волонтерлік және зооволонтерлік бағытындағы үздік тәжірибелер жинағына қосылыңыз!
Толығырақ
02.06.2025 122 0
Павлодарлық волонтерлер өз жұмыстары туралы бейнероликтер түсіреді
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена