Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қызылордада «Syr volonterlary» орталығы жұмысын бастады

Қызылордада «Syr volonterlary» орталығы жұмысын бастады

26.07.2020 1289 0

Енді аймақ еріктілерінің жұмысы бірыңғай жүйе бойынша бақыланады, деп хабарлайды «Хабар 24». Бүгінде әркім әлі келгенше әлеуметке қарасып-ақ жатыр. Бірақ көмекті қажет ететін әлжуаз топтар әлі де толық қамтылмай отыр. Оған себеп – ортақ есеп-санақтың болмауы. Мысалы, бір отбасына айына төрт жерден көмек берілсе, өзге отбасы мүлдем назардан тыс қалады. Шығармашылық үйінде орналасқан жаңа орталық осы олқылықты жояды.

7 бағыттық жобаларды жүзеге асыратын «Syr volonterlary» ұйымы игі іске жұмылғысы келетін барша ынталы азаматтар мен меценаттарды бірігуге шақырады.

Мира Қазбекова, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы: – «Саулық» бағдарламасы бойынша қазіргі эпидахуалға байланысты белсенділік танытуда. Азаматтық қоғам институттары дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуде, жедел жәрдеммен көмек көрсетуде немесе көлікпен қамтамасыз етуде. «Қамқорлық» бағыты бұл мұқтаж азаматтарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға гуманитарлық көмек көрсету мақсатында еріктілер тартылатын болады. 

Болатбек Айтбенбетов, облыстық фронт-кеңсе жетекшісі: – Осы жердегі Саll-орталыққа хабарласқан азамат-азматшаларды тіркеп, барлығы бір база ішінде болып, азық-түлік, киім-кешек, дәрілер бірдей үлестірілуін қамтамасыз ететін бірден-бір орталық деп айтсам болады.


Дерек көз: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/411617-yzylordada-syr-volonterlary-ortaly-y-zh-mysyn-bastady 

Соңғы жаңалықтар
15.03.2026 83 0
Волонтерлер қозғалысы: Қазақстан тәжірибесі әлемге үлгі болуда
Толығырақ
13.03.2026 79 0
«Жануарларды сүйетін әлем»: Неліктен бұл үздік тәжірибелер жинағы – айналамыздағы өмірді өзгерткісі келетін әр адам үшін must-read
Толығырақ
06.03.2026 65 0
Волонтерлерге арналған білім беру платформалары: қайда оқып, дағдыларды дамытуға болады
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена