Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар "Asyl jurek" республикалық волонтерлер слеті қалай өтті

"Asyl jurek" республикалық волонтерлер слеті қалай өтті

17.07.2021 1601 0


Слет аясында «Волонтерлік қозғалысты насихаттау және дамыту», «Қазақстандағы БҰҰ волонтерлік бағдарламасы» тақырыптарында семинар-тренингтер өткізілді.

«Asyl jurek» республикалық волонтерлер слеті Алматы облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы мен жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Игі істер марафоны» жалпыұлттық жобасы аясында Алматы облысы Қапшағай қаласының «Балдәурен» оқу-сауықтыру орталығында өтті.

«Asyl jurek» волонтерлердің республикалық слетіне «Birgemiz» Республикалық волонтерлер фронт-офисі және Ұлттық волонтерлік желісі атынан «АЅАА» жастар қоғамдық бірлестігінің президенті Саранова Данара қатысты.

Республикалық слетке еліміздің барлық өңірлерінен 85 волонтер қатысты. Волонтерлер үздік спикерлердің сөздерін тыңдап, алғашқы Волонтерлік ойындары өтті.

Іс-шараға Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Анапьяұлы Тілепов және Алматы облысы әкімінің орынбасары Арслан Момышұлы Дәндібаев қатысты.

Соңғы жаңалықтар
22.07.2026 3232 0
Қазақстанның үкіметтік емес волонтерлік ұйымдарының деректерін жаңарту жүргізілуде
Толығырақ
17.07.2026 1994 0
Ұлттық волонтерлік желіде Шанхай қаласының Әлеуметтік жұмыс департаментінің делегациясымен кездесу өтті
Толығырақ
15.07.2026 2294 0
СҚО-да 10 мыңнан астам волонтер бар
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена