Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Волонтер жылы қалай жүзеге асырылуда

Волонтер жылы қалай жүзеге асырылуда

28.09.2020 1409 0

24 қыркүйекте Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Б.Тлеповтың төрағалығымен онлайн-форматта Волонтер жылының жүзеге асуы туралы кеңес өтті.

Шараға ішкі саясат басқармаларының басшылары,  волонтерлердің республикалық және өңірлік фронт-кеңселерінің жетекшілері қатысты.

Б.Тлепов Волонтер жылын ақпараттық қамтамасыз ету жұмысы белсенді қарқын алып, республикалық фронт-кеңсе мен өңірлік фронт-кеңселер арасындағы іс-қимыл жақсара түскенін бүгінгі күнге дейінгі атқарылған жұмыстардың жағымды тұсы екендігін айтты. Сонымен бірге волонтерлық қозғалыстардың мемлекеттік құрылымдармен әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде өзара іс-қимылының жеткіліксіздігі мен волонтерлерге қосымша көтермеулердің жоқтығына назар аударды.

Жалпы елдегі волонтерлық қозғалыстың жұмысы туралы Ұлттық волонтерлік желісінің төрайымы В.Ким баяндады. Әрі қарай бірқатар облыстар Фронт-офистерінің есептері тыңдалды.

Кеңес қорытындысы бойынша қалыптасқан мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар нақты ұсынымдар берілді.

Фото: https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/proshlo-soveshchanie-o-hode-realizacii-goda-volontera?lang=ru 

 

Соңғы жаңалықтар
22.07.2026 3097 0
Қазақстанның үкіметтік емес волонтерлік ұйымдарының деректерін жаңарту жүргізілуде
Толығырақ
17.07.2026 1894 0
Ұлттық волонтерлік желіде Шанхай қаласының Әлеуметтік жұмыс департаментінің делегациясымен кездесу өтті
Толығырақ
15.07.2026 2175 0
СҚО-да 10 мыңнан астам волонтер бар
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена