Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Ізгілік ізсіз кетпейді

Ізгілік ізсіз кетпейді

15.04.2020 2285 0

Қанына қайырымдылық қасиеті сіңген халқымыз күрделі кезеңде бір-біріне қапысыз сүйеу болуда. Бұған облыстық жастар ресурстық орталығы жанынан құрылып, қысқа уақытта қыруар шаруа тындырған «Saryarqa Jastary» волонтерлер штабының қызметі дәлел.

 

Олардың негізгі қызметі – карантин режиміне байланысты қарттардың, мүмкіндігі шектеулі және көмекке мұқтаж жандардың дүкенге, дәріханаға шықпайақ, азық-түлік пен дәрі-дәрмекке қол жеткізуін қамтамасыз ету. Еріктілер демалыс күндері де тыным таппайды. Мәселен, өткен сенбіде демеушілер қаржысына алынған азық-түлік, гигиеналық құралдар мен бетперделерді 15 отбасына жеткізіп берді. Ал, жексенбі күні «Vogue» мейрамханасы ұйымдастырған қайырымдылық акциясы аясында аз қамтамасыз етілген 23 отбасына көмек көрсетілді.

Карантиндік режимдегі тұрғын үйлерге де азық-түлік пен күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды солар жеткізіп беруде.

«Saryarqa Jastary» волентерлер штабына «Senim 109» жедел желісінен күніне жүзден аса қоңырау түседі.

– Егде жастағы адамдар дәрігерге көріну, коммуналдық төлемдерді төлеу мәселесінде де біздің көмекке жүгінеді. Штаб сайтында 200-ге тарта волонтер тіркелген. Ерікті болуға ынтасы барлар ba09.kz сайтына кіріп, «Волонтер болу» нүктесін басса жеткілікті. Ол үшін міндетті түрде жас болу қажет емес, – дейді штаб мүшелері.

Егер Сіз, қайырымдылық жасап, өзгеге көмек қолын созғыңыз немесе еріктілер көмегіне жүгінгіңіз келсе, 40-21-33 телефонына, 8 700 123 2396 ұялы байланыс нөміріне хабарласа аласыз.

Жәлел ШАЛҚАР

Дерек көз:https://ortalyq.kz/6646987-2/

Соңғы жаңалықтар
10.09.2026 125 0
Пластик қалдықтарынан — жануарлар панасына қажетті бұйымдар: волонтер Айсұлу Жамашованың жобасы «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантына ие болды
Толығырақ
07.09.2026 595 0
«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына байқау жарияланды
Толығырақ
19.08.2026 2299 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена