Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті

Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті

19.08.2026 1964 0


Астанада ТМД елдері волонтерлерінің алғашқы форумы қарсаңында БҰҰ Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жариялаған Тұрақты даму мақсатындағы халықаралық волонтерлер жылын (IVY-2026) өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті.


Жиынға Ұлттық ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов, БҰҰ Волонтерлер бағдарламасының атқарушы үйлестірушісі Тойли Курбанов, Мәдениет және ақпарат министрлігі Азаматтық қоғам істері комитетінің және Ұлттық волонтерлік желінің өкілдері қатысты.


Отырыста IVY-2026 аясындағы ұлттық жоспар мен халықаралық бастамалардың іске асырылу барысы қорытындыланды. 


Қатысушылар атқарылған жұмыстардың нәтижелерін саралап, волонтерлік саласындағы ынтымақтастықты одан әрі кеңейту жолдарын қарастырды.


Қазақстанның БҰҰ Волонтерлер бағдарламасымен бірлескен жұмысы да сөз болды. Бүгінде әлемнің 60 елінде IVY-2026 ұлттық үйлестірушілері тағайындалғаны айтылды.


Сонымен қатар 2030 жылға дейінгі волонтерлік қозғалысты дамыту тұжырымдамасының жобасы қаралды. Құжат волонтерлікті ұзақ мерзімді қолдау мен дамыту жүйесін қалыптастыруға, мемлекет пен волонтерлер қауымдастығы арасындағы байланысты жетілдіруге және волонтерлік қозғалыстың институционалдық негізін одан әрі нығайтуға бағытталған.


Жиында Ұлттық волонтерлер фронт-офисінің еліміздегі волонтерлік қозғалысты дамытудағы рөлі аталып өтті. Волонтерлік бастамаларды үйлестіру, ұйымдарға әдістемелік қолдау көрсету және азаматтарды волонтерлік қызметке кеңінен тарту мәселелері талқыланды.


Отырыс қорытындысы бойынша Ұлттық ұйымдастыру комитетінің жұмысындағы алдағы басым бағыттар айқындалды.



Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 1962 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2435 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3120 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена