Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Қызылордада волонтерлер арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды

Қызылордада волонтерлер арасында зияткерлік сайыс ұйымдастырылды

08.09.2021 1120 0

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай Достық үйінде волонтерлер арасында "Серпінді серпіліс" атты зияткерлік сайыс өтті, деп хабарлайды Деловой Қазақстан.

Қызылорда облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ "Бітім "Медиация орталығы" қоғамдық бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырған сайысқа 8 волонтер қатысты.

"Қоғамдық келісім" КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Бірінші тур "Айшықты сөздер" деп аталды, бұл кезеңде әрбір қатысушыға екі тұрақты сөз тіркесі берілді. Қатысушылар ойланып, берілген сөз тіркестерінің мағынасын ашты.

Екінші турда әр қатысушыға екі логикалық сұрақтар қойылды. Ал сайыстың "Ұшқыр ой" атты үшінші турында бір жұмбақтың шешімін табу міндеті қойылды. Сондай-ақ, жұмбақтың жауабы үш тілде: қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде айтылды.

"Тауып көр" турында қатысушылар кезек-кезек ортаға шығып, қағазға жазылған сөзді мимикамен түсіндірді.

Төрт турдан тұратын сайыста волонтерлер өз білімдерін көрсетіп, белсенділік танытты. Қазылар алқасының шешімі бойынша бірінші орынды Байсеитова Раушан, екінші орынды Ибрагим Дильназ, үшінші орынды Әбдісеитова Анель иеленді. Барлық қатысушыларға "Қоғамдық келісім" КММ директорының міндетін атқарушы Фархат Әбдібағдатұлы алғыс хаттар табыстап, жеңімпаздарға дипломдар мен сыйлықтар табыстады.

Дереккөз: https://dknews.kz/ru/regiony/199866-intellektualnyy-konkurs-sredi-volonterov-organizovali 

Соңғы жаңалықтар
19.08.2026 2067 0
Астанада Халықаралық волонтерлер жылын өткізу жөніндегі Ұлттық ұйымдастыру комитетінің IV отырысы өтті
Толығырақ
17.08.2026 2534 0
Қарағандыда теміржолшы-волонтерлер экологиялық акцияға қатысты
Толығырақ
29.07.2026 3220 0
Басқа елге волонтер ретінде барғысы келетіндерге арналған 5 кеңес
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена