Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Мейірімді істер марафоны: "Қамқорлық мекенжайы" акциясын елордалық волонтерлер жалғастыруда

Мейірімді істер марафоны: "Қамқорлық мекенжайы" акциясын елордалық волонтерлер жалғастыруда

02.06.2021 2246 0

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған жалпыреспубликалық "Игі істер марафоны" аясында елордалық волонтерлер мұқтаж жандарға азық-түлік себеттерін жеткізіп, "Қамқорлық мекенжайы" акциясын өткізуді жалғастыруда, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Жыл басынан бері акция аясында 4 000-нан астам азық-түлік себеті таратылды. Түрлі кәсіпорындар мен қоғамдық ұйымдар демеушілік білдіруде. Қаланың автоволонтерлері азық-түлік себеттерін мекенжайларға жеткізуге қатысты.

Мерекелік демалыс күндері волонтерлік ұйымдар 9 мамыр мерекесі құрметіне тыл ардагерлері мен жалғыз басты зейнеткерлерге естелік сыйлықтар мен азық-түлік себеттерін таратты.

Азық-түлік себеттеріне жалғыз басты қарт зейнеткерлер, аз қамтылған отбасылар мұқтаж.

Қала тұрғындары мұқтаж жандарға қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмек таратып, белсенділік танытуда. Елорданың кейбір тұрғындарына азық-түлік, кеңес, қар тазалау түріндегі тұрақты көмек қажет. Волонтерлер мұндай мекен-жайларды тұрақты бақылауға алады.

Осылайша, бүгін волонтерлер Сарыарқа ауданында тұрақты негізде көмек көрсетілетін жалғыз басты зейнеткерлер мен көп балалы отбасылар тұратын бірнеше мекенжайға барды.

Акция барлық санитарлық нормалар мен талаптарды сақтай отырып өткізілді.

Дереккөз: https://astana.gov.kz/kz/news/news/27346 

Соңғы жаңалықтар
29.09.2026 3191 0
Күзгі игі істер аптасының қорытындысы!
Толығырақ
26.09.2026 2937 0
Жыл волонтері» халықаралық сыйлығына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Толығырақ
21.09.2026 2477 0
«Денсаулық жаршылары» волонтерлік профилактикалық акциясы
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена