Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Әрекет ететіндерге арналған гранттар: Қазақстанда жобалардың үш республикалық шағын гранттар байқауы ТЖ, экология және жануарларды қорғау бағыттары бойынша басталды

Әрекет ететіндерге арналған гранттар: Қазақстанда жобалардың үш республикалық шағын гранттар байқауы ТЖ, экология және жануарларды қорғау бағыттары бойынша басталды

10.04.2026 74 0


Қазақстанның барлық өңірлерінен 18 жастан асқан қатысушылар республикалық жобалар байқауларына өтінім беріп, оларды жүзеге асыруға 1 000 000 теңгеге дейін гранттық қолдау ала алады.

Климаттың өзгеруі, техногендік қауіптердің артуы және күрделі экологиялық ахуал жағдайында мәселелерді жай ғана көтеріп қоймай, нақты шешім ұсынып, оны іске асыруға дайын адамдардың маңызы ерекше. 2026 жылы Қазақстанда бірден үш республикалық гранттық жобалар байқауы басталады. Олар төтенше жағдайлардың алдын алу, қоршаған ортаны қорғау және жануарларды қорғау тақырыптарына арналған.

Бұл - белсенді азаматтар, сарапшылар, ҮЕҰ, бастамашыл топтар және 18 жастан асқан кез келген ниетті тұлға үшін өз идеясын ұсынып, оны жүзеге асыруға қаржылық әрі ұйымдастырушылық қолдау алудың бірегей мүмкіндігі.

 

Төтенше жағдайлардың алдын алу жобаларының байқауы

Бірінші байқау қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және төтенше жағдайлар тәуекелін азайтуға бағытталған. Халықты ТЖ кезіндегі іс-әрекетке үйрету, тұрмыстық және табиғи апаттардың алдын алу, оқыту материалдарын, тренингтер мен ағартушылық науқандарды әзірлеуге бағытталған жобалар қолдау табады.

Кімдер қатыса алады:

18 жастан асқан Қазақстан азаматтары, қоғамдық ұйымдар өкілдері, бастамашыл топтар және ереже талаптарына сай өзге де өтініш берушілер.

Шағын гранттардың басым бағыттары:

1. ТЖ кезеңінде халықтың әрекет ету дағдыларын оқыту және даярлау;

2. ТЖ кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің әрекет ету дағдыларын оқыту және даярлау;

3. Экологиялық және техногендік қатерлерге дайындық;

4. Климаттың өзгеруіне бейімделуге дайындық;

5. Іздеуқұтқару жұмыстарын ұйымдастыру, оның ішінде хабарошарсыз кеткен және бағдарынан адасқан адамдарды іздеу бойынша жобалар. 

Гранттар және мерзімдер:

Жеңімпаздар 1 000 000 теңгеге дейінгі гранттарға және байқау серіктестерінің ұйымдастырушылық қолдауына ие болады. Өтінімдер мен жоба ұсыныстарын қабылдау 2026 жылғы «30» сәуірге дейін, Астана уақытымен 18:30ға дейін жүргізіледі, ал қорытынды шығару және жеңімпаздарды жариялау 2026 жылғы «26» мамырда өтеді. 

Қалай өтінім беруге болады:

Үміткерлер бекітілген үлгідегі өтінімді толтырып, жоба сипаттамасын және қажетті құжаттар топтамасын дайындайды да, оларды Microsoft Word және PDF форматында ұйымдастырушылардың электрондық поштасына жібереді: aman.project.kz@gmail.com, хаттың тақырыбы: «Шағын гранттар байқауына қатысуға өтінім». 

 

Экологиялық гранттық жобалар байқауы

Екінші байқау өз қаласы мен ауылын таза, жасыл және экологиялық тұрғыдан тұрақты еткісі келетіндерге арналған. Оның орталығында – қоршаған ортаны қорғау, ресурстарды ұтымды пайдалану және экологиялық ағарту бағытындағы жобалар. 

Қатысушылар:

18 жастан асқан Қазақстан азаматтары, экологиялық бағыттағы ҮЕҰ, бастамашыл топтар, табиғатты қорғау саласындағы зерттеушілер мен практиктер. 

Жобалардың негізгі бағыттары:

1. Аумақты тазарту шаралары, ағаш отырғызу және көгалдандыру;

2. Жасыл қоғамдық кеңістіктерді құру және дамыту;

3. Материалдарды жинау және қайта өңдеу;

4. Экотуризмді дамытуға бағытталған жобалар;

5. Экологиялық волонтерлікті қолдау және дамыту: экобілім және экоағарту. 

Гранттық қолдау және мерзімдер:

Жеңімпаздар 1 000 000 теңгеге дейін грант, дипломдар және өз бастамаларын өңірлік және республикалық деңгейде кеңейту мүмкіндігін алады. Өтінімдер 2026 жылғы «30» сәуірге дейін, Астана уақытымен 18:30ға дейін қабылданады, нәтижелер 2026 жылғы «26» мамырда жарияланады. 

Өтінімдерді жіберу тәртібі:

Жоба ұсыныстары мен құжаттар топтамасы электрондық түрде (Word және PDF форматында) greensteppe.kz@gmail.com поштасына «Шағын гранттар байқауына қатысуға өтінім» деген тақырыппен жіберіледі. 

 

Жануарларды қорғау жөніндегі гранттық жобалар байқауы

Үшінші байқау үй және жабайы жануарларды қорғауға, үй жануарларына жауапты қарауды дамытуға және зооқорғау бастамаларын қолдауға арналған. 

Кімдер қатыса алады:

Кәмелетке толған азаматтар, жануарларды қорғау ұйымдары, волонтерлік топтар, бастамашыл бірлестіктер және 18 жастан асқан өзге де өтінім берушілер. 

Шағын гранттардың басым бағыттары:

1. Адамдарды үй жануарларына жауапкершілікпен қарауға үйретуге бағытталған жобалар;

2. Жануарлармен терапия (зоотерапия) жобалары;

3. Жануарлардың құқықтарын қорғау жөніндегі жобалар;

4. Сирек түрлерді қорғау жобалары;

5. Жануарларды күту және реабилитациялау жобалары. 

Гранттар және мерзімдер:

Байқау жеңімпаздары 1 000 000 теңгеге дейін гранттық қолдауға, сондайақ серіктестер тарапынан ақпараттық және сараптамалық қолдауға ие болады. Өтінімдер 2026 жылғы «30» сәуірге дейін, астана уақытымен 18:30ға дейін қабылданады, қорытындылар 2026 жылғы «26» мамырда шығарылады. 

Жобаны қалай жолдау керек:

Өтінім берушілер өтінімді және жоба сипаттамасын kazakhstanforanimals@mail.ru электрондық поштасына «Шағын гранттар байқауына қатысуға өтінім» деген тақырыппен жіберіп, ережеге сәйкес Word және PDF форматындағы қажетті файлдарды қоса тіркейді. 

 

Неліктен дәл қазір қатысу маңызды

Бұл байқаулар - тек грант алу немесе есеп беру емес.

Бұл - жеке идеяңызды қоғамға пайда әкелетін нақты жобаға айналдыру мүмкіндігі.

Байқауларға қатысу:

жобаны бастау немесе кеңейту үшін қаржылық қолдау аласыз;

республикалық деңгейде танылып, жариялылыққа ие боласыз;

ТЖ мамандары, экологтар және зооқорғаушылар қауымдастығына қосыласыз;

азаматтық белсенділіктің айналамыздағы шынайылықты өзгерте алатынын көрсетуге мүмкіндік береді. 

 

Байқаулардың толық ережелері, өтінім нысандары және жобаларға қойылатын талаптар ұйымдастырушылардың әлеуметтік желілерінде (Instagram: @qazvolunteer.kz) ашық қолжетімді. Сондайақ келесі сілтеме бойынша жүктеп алуға болады: https://drive.google.com/drive/folders/1KelL6J4GuPh-pXnjNJrd3HIY0a9_9APO

Қосымша ақпаратты +7 708 706 42 42 колл‑орталығы арқылы білуге болады.


@qazvolunteer.kz

Соңғы жаңалықтар
17.04.2026 55 0
«Игі істер марафоны» жобасы 20 сәуір күні қайта басталады!
Толығырақ
13.04.2026 120 0
Aman! 1 000 000 теңгеге дейін грант ұтып ал да, идеяңды жүзеге асыр!
Толығырақ
12.04.2026 104 0
Kazakhstan for animals! 1 000 000 теңгеге дейін грант ұтып ал да, идеяңды жүзеге асыр!
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена