Birgemiz: áreket ýaqyty
QZ
Волонтер болыңыз
Басты бет Жаңалықтар Мемлекет волонтерлік институтын жүйелі деңгейге шығаруға мүдделі

Мемлекет волонтерлік институтын жүйелі деңгейге шығаруға мүдделі

07.09.2021 783 0

Бүгін "Зерен  Нұр" демалыс базасында Қазақстанның волонтерлік ұйымдарының жетекшілеріне арналған Жазғы мектеп жұмысы басталды. Іс-шараны Ұлттық волонтерлер желісі, "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институты ҚР АҚДМ қолдауымен ұйымдастырды, деп хабарлайды Іскерлік Қазақстан.

Жазғы лагерьдің ашылуына ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Ұлттық волонтерлер желісінің төрағасы Вера Ким, ҚР АҚДМ азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет, "Рухани жаңғыру" қазақстандық қоғамдық даму институтының Басқарма Төрағасы Асылбек Есенбаев қатысты.

Асылбек Есенбаев өз сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша Қазақстанда 2020 жыл Волонтер жылы деп жарияланғанын атап өтті.

"ҚР Президенті волонтерлікті тек ұлттық деңгейде ғана емес, әрбір қала мен ауылдарда дамыту қажеттігін бірнеше рет атап өтті. Бұл мемлекеттің волонтерлік институтын жүйелі деңгейге шығаруға мүдделі екенін білдіреді. Ол үшін біздің үлкен әлеуетіміз бар", - деді ол.

ҚҚДИ Басқарма Төрағасы өткен жылғы пандемия тек ел үшін ғана емес, адамдар үшін де қиын сынақ болды деген пікірімен бөлісті. Сол бір күрделі кезеңде түрлі әлеуметтік бағалар бойынша қазақстандықтардың 45% - ға жуығы волонтер болуға дайын болған. Асылбек Есенбаев волонтерлік ұйымдардың жетекшілеріне "Рухани жаңғыру" ҚҚДИ волонтерлікті қолдау бойынша жүйелі қызметі туралы айтып берді.

Осылайша, ҚР АҚДМ Азаматтық қоғам істері комитетімен бірлесіп іске асырылып жатқан "Birgemiz: áreket ýaqyty" жобасы аясында өңірлік сәтті волонтерлік жобалар жинағы әзірленуде. Сондай-ақ, ҚҚДИ Ұлттық волонтерлер желісінің көмегімен www.qazvolunteer.kz бірыңғай онлайн-платформасында "Жыл волонтері" Халықаралық сыйлығын өткізуде.

Сонымен қатар, ҚҚДИ сарапшыларының көмегімен Волонтерлікті қолдау стандартын әзірлеу бойынша талдау жұмыстары жүргізілуде. Жыл соңына қарай, Халықаралық волонтерлер күнінде екі күндік конференция өтеді, оның шеңберінде волонтерлік ұйымдар қызметінің, бастамаларды іске асырудың қорытындылары шығарылып, дамудың болашақ бағыттары белгіленеді.

"Сонымен қатар, Волонтерлерді даярлау бойынша «Негізгі бағыттар бойынша волонтерлерді даярлаудың бірыңғай бағдарламасын" әзірлеу маңызды бағыт болып табылады", - деп хабарлады Асылбек Есенбаев.

Волонтерлік ұйымдардың жетекшілеріне арналған Жазғы мектеп 9 қыркүйекке дейін жұмыс істейді. Жазғы лагерь аясында қатысушылар команда құраушы тренингтерден өтеді.

Дереккөз: https://dknews.kz/ru/politika/200030-gosudarstvo-zainteresovano-vyvesti-na-sistemnyy 

Соңғы жаңалықтар
02.05.2024 555 0
Қайырымдылық саласындағы құрметті атақ беруге өтініш қабылдау басталды!
Толығырақ
26.04.2024 1359 0
Қазақстанда BIRGEMIZ жалпыұлттық жобасы аясында шағын гранттар байқауы басталды!
Толығырақ
22.04.2024 3191 0
Волонтерлік уақыт саяхаты ретінде
Толығырақ
Әлеуметтік желілерде оқыңыз
Барлық оқиғалармен жаңартыңыз
Спасибо! ваша заявка отправлена